jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Көзі қызарғаны үшін Air Astana рейсіне кіргізбеген: даулы іске қатысты сот шешімі шықты

    Ұшақ ішіндегі жолаушылар
    Ұшақ іші. Көрнекі фото: pixabay.com

    Көзі қызарғаны үшін Air Astana ұшағына жіберілмегенін айтып, видео түсірген бойжеткен мас болғанын мойындап, айыппұл төлеуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Алматы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    close
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Air Astana рейсіне кіргізбеген бойжеткен мас болғанын мойындап, айыппұл төлеуге дайын екенін мәлімдеді.
    • Сот отырысында бортсеріктер жолаушының мас күйде болғанын, аты-жөнін сұрағанда жауап бермегенін және қозғалысының баяу болғанын түсіндірді.
    • Сот бойжеткенді кінәлі деп танып, 36 920 теңге мөлшерінде әкімшілік жаза тағайындады, бірақ қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.

    Шілдеде жолаушы әлеуметтік желілерде "көзі қызарғандықтан" оны ұшаққа отырғызбағанын айтып видео жариялаған болатын. Ол сараптамадан өте алатынын айтқан еді.

    Алматы сотарының ақпаратынша, 2024 жылы 26 шілдеде кешке желілік полиция бөлімінің кезекші бөліміне Air Astana әуекомпаниясынан қоңырау түскен, рейске отырғызу кезінде азамат Н. мас күйде болғаны анықталған.

    Сонымен қатар Н. бұған дейін қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішкені үшін жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

    Сот отырысында Н. өз кінәсін жартылай мойындап, шынымен де мас болғанын, бірақ ешкімді балағаттамағанын, қоғамдық тәртіпті бұзбағанын, айыппұл төлеуге дайын екенін айтты.

    "Сот отырысында бортсеріктер П. мен М. сұралды. Олар Н.-ның ұшаққа отырғызу кезінде мас күйде болғанын, аты жөнін сұрағанда жауап бермегенін, қойылған сұрақтарға ұзақ жауап бергенін, одан өткір алкогольдің иісі шыққанын және қозғалысының баяу болғанын түсіндірді. Бортсеріктердің әрекеттерімен келіспеген Н. болған жағдайды телефонына түсіре бастаған, осылайша қоғамдық резонанс туғызды.

    Содан кейін, жолаушылардың тәртіпсіз мінез-құлқының алдын алу және тоқтату жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, бортсеріктер Н.-ді алкогольдік мас күйінің қызыл типіне жатқызды. Осыған байланысты, экипаж командирі ұшаққа кіргізбеу туралы шешім қабылдады", - делінген хабарда.

    Н.-ның өкілдері сот отырысында хаттамамен келіспейтінін айтып, соттан әкімшілік құқық бұзушылықтың болмауына байланысты іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.

    Іс материалдарында Н.-ның сол күні жеңіл алкогольдік мас күйінде болғаны туралы сарапшы дәрігердің қорытындысы бар.

    Іс материалдарын зерттеп, сот Н.-ның әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамы бар деген қорытындыға келді.

    "Осыған байланысты, сот: Н.-ды кінәлі деп танып, 10 АЕК (36 920 теңге) мөлшерінде әкімшілік жазаға тарту туралы шешім қабылдады. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ", - делінген хабарламада.

    Көзі қызарғаны үшін Air Astana рейсіне кіргізбеген: даулы іске қатысты сот шешімі шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.