jitsu gif
Шоубиз

    Мадина Сәдуақасова өнердегі құрбысының күміс тойына неге бармағанын айтты

    Мадина Сәдуақасова
    Мадина Сәдуақасова. Фото: Instagram/sadvakasovamadina

    Қазақстандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова өнердегі жақын құрбысы Қарақат Әбілдинаның күміс тойына бармаған. Өнер иесі оның себебін әлеуметтік желіде түсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Желі қолданушылары дүбірлі тойда Мадина Сәдуақасованың бой көрсетпегенін байқап, оны сұрақтың астына алған. Эстрада жұлдызы мерекелік шараға өзі бара алмаса да, Instagram-дағы парақшасында құрбысын құттықтап, ақ тілегін жолдаған.

    Өнер иесі аталмыш күміс той оның Тәжікстанға жұмыс сапарымен тұспа-тұс келіп қалғанын айтты. Сол себепті ол құрбысының қуанышында бола алмаған.

    "Кеше достарымның күміс тойлары өтті. Бәрімізге үлгі болып жүрген керемет отбасы! Шын жүректен құттықтаймын, жандарым! Екі дүниенің бар бақытын тілеймін! Ерекше жақсы көремін, құрметтеймін Қыдыр мен Қақатты. Әзірге осындай құттықтау Тәжікстаннан, бұйыртса өзіміз отырып тағы тойлаймыз", - деп жазды эстрада жұлдызы.

    Мадина Сәдуақасованың Stories-i
    Мадина Сәдуақасованың Stories-i. Скриншот: Instagram/sadvakasovamadina

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.