Мөлдір Әуелбекова: Орамалым үшін көптеген жобаға қатыстырмайды
Опубликовано:

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мөлдір Әуелбекова желіде жаңа жазба жариялап, ел күтпеген мәлімдеме жасады. Өнер иесі бүгінде әлдекімдер орамалы үшін оны көптеген жобаға қатыстырмайтынын ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Мөлдір Әуелбекова Instagram-дағы парақшасында орамалына қатысты пікір білдіріп, бүгінде бірқатар жобаға қатыса алмай жүргенін жеткізді. Әнші сахнаны өзіне қимай жүргендерге оны босатып беруге ойланып қалғанын жасырмады.
"Мені, орамалым үшін телевизиялық жобаларға және көптеген концерттерге қатыстырмайды. Енді, ойланып жүрмін, үлкен сахнаның бір бұрышын маған қимай жүргендерге, өзім - ақ сол сахнаны босатып бере саламын-ау. Мен қатысып жүрген бір ғана жоба бар, ол COVER SHOW! Себебі, Мейрамбек Бесбаев шын таланттарды ештеңеге қарамастан қолдайды! Рақмет жан ағам, ән ағам", - деп жазды өнер иесі.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/scandals/2158956-moldir-auelbekova-oramalym-ushin-koptegen-zhobaga-qatystyrmaidy/