jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Ақыл айтпайтын адам қалды ма өзі": Мөлдір Әуелбекова желіде курс сататындарға шүйлікті

    Мөлдір Әуелбекова
    Мөлдір Әуелбекова. Фото: instagram.com/ moldir. auyelbekova

    Отандық эстрада жұлдызы Мөлдір Әуелбекова желіде курс сататындарға шүйлікті. Ол Instagram желісіндегі парақшасында жұртқа ақыл айтатындардың көбейгенін жазған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Мөлдір Әуелбекова адам бай болуы үшін тек еңбектені керек екенін алға тартты.

    "Ақыл айтпайтын адам қалды ма өзі? Instagram ашсаң бәрі ақыл айтып жатыр… Соның ақылын тыңдасаң, курсын сатып алсаң, конкурсына қатыссаң байып кетеді екенсің, мыс…Адам екі қол, екі аяқпен еңбектенсе ғана бай болады!

    Жұмыс істе, кәсіп қыл! Қалғаны бәрі алдамшы, тұрақсыз, уақытша әңгіме! Шаршамадыңдар ма?Кішкене бір кідірсеңдерші!", - деп жазды ол.

    Көпшілік Мөлдір Әуелбекованың бұл ойын қолдай кетті.

    "Өз ойымен өмір сүре алмаса, өзге ойын сатып алу далбаса", "Осыны айтатын адам шықты-ау", "Дұрыс айтасыз", "Соны айтамын, бәрі білгіш, бәрі ақылды әйтеуір", -деді олар.

    "Ақыл айтпайтын адам қалды ма өзі": Мөлдір Әуелбекова желіде курс сататындарға шүйлікті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.