Шоубиз

Зектілері

"Құшақтамаңыздаршы": Айжан Байзақова оқырмандарына үндеу жасады (видео)

Жарияланған күні:

Айжан Байзақова
Айжан Байзақова. Фото: Instagram/bayzakova

Отандық танымал блогер әрі актриса Айжан Байзақова желіде жаңа видео жариялап, оқырмандарына үндеу жасады. Желі жұлдызы өзін көшеде көріп қалған жағдайда құшақтамауын сұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айжан Байзақова Instagram-дағы парақшасы арқылы оқырмандарымен байланысқа шығып, оларға үндеу жасады. Блогер көпшілікті өзін көрген кезде құшақтамауын сұрады. Ол адамдар құшақтағаннан кейін күні бойы өзін жайсыз сезінетінін айтты.

"Мені көріп қалған жағдайда құшақтамаңыздаршы. Өтініп сұраймын. Мен сізді білмеймін. Сосын күні бойы өзімді жаман сезінемін. Ішкі жан дүниеме әсер етеді. Рұқсатсыз басқа адамға саусақ тигізуге де болмайды. Тіпті игі ниетпен құшақтағыңыз келсе де, рұқсатсыз олай жасауға болмайды. Бұл жолды өзім таңдағанымды жақсы білемін. Менімен сөйлесуге болады. Бірақ маған тиіспеңіздерші", - деді Байзақова.

Сонымен қатар желі жұлдызы балаларды да құшақтамауға кеңес берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/scandals/2172553-qushaqtamangyzdarshy-aizhan-baizaqova-oqyrmandaryna-undeu-zhasady-video/