Шоубиз

Зектілері

"Бекем бол" деген сөздер көмектеспейді": Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің қазасынан кейінгі жағдайын айтты

Жарияланған күні:

Ләйлә Сұлтанқызы
Ләйлә Сұлтанқызы. Видеодан кадр: Youtube/Жетінші арна

Қазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жолдасының қазасынан кейін қандай жағдайда екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Ләйлә Сұлтанқызы Instagram-дағы парақшасында сұрақ-жауап ашып, оқырмандарымен түрлі тақырыпта тілдесті.

Желі қолданушыларының көпшілігі тележүргізушіден орны толмас қазадан кейін қалай қалыпқа келуге болатынын сұрады.

"Қазаны ұмыту, жалғыздықты жеңудің нақты бір формуласы жоқ. "Бекем бол", "Мықтысың" деген сөздер көмектеспейді. Менің мұңымды сәл де болсын жеңілдететін - Аллаға деген сенім, тәуекел, балаларымның болашағы және сүйікті жұмысым. Бірақ кейде бос уақыт жаныңды жейді", - деп жауап берді БАҚ өкілі.

Ләйлә Сұлтанқызының Stories-i
Ләйлә Сұлтанқызының Stories-i. Скриншот: Instagram/sultankyzy

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/scandals/2174907-bekem-bol-degen-sozder-komektespeidi-laila-sultanqyzy-kuieuining-qazasynan-keiingi-zhagdaiyn-aitty/