"Карантинде қой бақтым": Jаzzdauren шығармашылыққа қалай келгенін айтты (видео)
Жарияланған күні:

2024 жылы әндерімен ТМД елдеріне танылып үлгерген қазақстандық орындаушы Jazzdauren шығармашылыққа қалай келгенінін айтты. "Дарите женщинам цветы", "Ландыши" әнінің орындаушысы карантинде ауылда қой баққанын жасырған жоқ, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Аз уақытта желіде 93 млн қаралым жинаған Жандәурен Абылаев өнер жолына қалай бастағаны туралы "Қызық Times" бағдарламасында баяндап берді. Батыс Қазақстан облысының тумасы осыдан бірнеше жыл бұрын ауылда мал баққанын айтты.
"Карантинде 2 жылдай ауылда қой бақтым. Сол кездері өзімде Не істеп жүрмін?" деген ой болды. Оларға күнде концерт қоятынмын", - деп күлді Jazzdauren.
Осы тұста Жандәурен Абылаев "Дарите женщинам цветы" әнін өзі шығармағанын жеткізді. Бұл туындының авторы DD Records лейлбінің бас продюсері Данияр Рахметжанов есімді азамат болып шықты.
"Ауылда жүргенде мүмкін тыңдап қалар деген оймен DD Records лейбіліндегі Азамат ағамызға әндерімді жібердім. 2-3 күн өткен соң ұмытып кетіппін. Кейін сабақ басталды, сол күндердің бірінде Азамат ағадан "әндерің ұнады, тағы жіберші" деген хат келді.
Содан "өнерің бар екен, келе ғой" деп шақырды. Ауылда жүргенде үйдегілер студияға жібермейтін. Жұмыс істеп жатқанда Данияр мен Айбар аға (DD Records лейблінің мүшелері- ред.ескертпесі) хабарласса, кез келген киіммен шығып кете беретінмін",- деді Жандәурен Абылаев.
Кішкентай кезінен домбыра мен пианинода ойнаған әнші қазір түрлі эксперимент жасаудан шаршамау қажет екенін айтты. Ол мақсатқа жету жолында мойымаудың маңызын да атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/scandals/2176968-karantinde-qoi-baqtym-jazzdauren-shygarmashylyqqa-qalai-kelgenin-aitty-video/