jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Құдай жылатпасын": Меруерт Түсіпбаева желі қолданушыларына үндеу жасады (видео)

    Меруерт Түсіпбаева
    Меруерт Түсіпбаева. Видеодан кадр: youtube.com/ KTK TV

    Отандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева желіде оқырмандарына үндеу жасап, өзіне ұнамайтын жайтты айтты. Өнер иесі желіде жеке өмірін паш етіп, "жылап жатқан" видеоларын жариялайтын қолданушыларды сынап тастады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Меруерт Түсіпбаева Instagram-дағы парақшасында видео үндеу жариялап, оқырмандарына ақылын айтты.

    Өнер иесі бүгінде желіде жылап отырған сәттерін көрсететін адамдардың көбейіп кеткенін алға тартты. Әнші елге мұндай видеоларын паш етуді аса ерсі деп санайтынын жеткізді.

    "Менің жазбама қатысты адамдар хабарласып жатыр. Мен көптен бері сол туралы жазғым келіп жүрген. Негізі ол жаман үрдіс. Қабылдайсыздар ма, қабылдамайсыздар ма маған бәрібір. Ренжісеңіздер көшке берген тай-лақтарыңызды алып кетіңіздер. Қанша адам, қаншама блогер, танымалдар, танымал емес жандар, желіде толғатып жатқан әйелдер. Оның бәрі ұят. Біз үлкендер тәрбие береміз ғой. Жыласаңыздар, іштеріңізден тығылып, оңаша жылаңыздаршы, қыздар. Не болса да, құпия мен мұңдарыңыз іштеріңізде өлсін. Қыздар! Сау басқа сақина тілемеңіздер! Құдай жылатпасын", - деп жазды Түсіпбаева.

    "Құдай жылатпасын": Меруерт Түсіпбаева желі қолданушыларына үндеу жасады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.