Шоубиз

Зектілері

"Өзім шок болып отырмын": Сиви Махмуди бұрынғы күйеуінің іздестіріліп жатқанына қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Сиви Махмуди
Сиви Махмуди. Фото: instagram/sivi_makhmudi

Қазақстандық танымал әнші Сиви Махмуди бұрынғы жолдасы Аңсар Қажымұқанұлына қатысты тарап жатқан ақпаратқа алғаш рет пікір білдірді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті өнер иесінің экс-күйеуіне іздеу жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сиви Махмуди Instagram-дағы парақшасында жаңа жазба жариялап, бұрынғы күйеуінің іздестіріліп жатқанына қатысты пікір білдірді.

"Соңғы жаңалықтар қалай болып жатыр? Өзім де шок болып отырмын. Бұрынғы күйеуім екеуміз ресми түрде 2017 жылы ажырасып кеткенбіз. Бірақ 2020 жылы нақты нүкте қойып, мәңгіге екі жаққа кеттік. Содан бері бір рет те хабарласып, көріскен емеспіз. Қазір барлық жаңалықта менің атым аталып жатыр. Өкінішке қарай, ол өзі ешкім емес болып тұрғаны ғой. Барлық жерде Сивидің бұрынғы жолдасы деп шулап жатыр. Менің атымды қолданбаса да болар еді", - деп жазды әнші.

Айта кетейік, бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуіне іздеу жариялағанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/scandals/2179368-ozim-shok-bolyp-otyrmyn-sivi-mahmudi-buryngy-kuieuining-izdestirilip-zhatqanyna-qatysty-pikir-bildirdi/