jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Ұяттарың қайда": Мақпал Жүнісова өзін тұрмысқа шықты деп ақпарат таратып жатқандарға шүйлікті

    Мақпал Жүнісова
    Мақпал Жүнісова. Скриншот: "Алғашқы" бағдарламасы

    Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова желіде өзінің тұрмысқа шыққаны туралы ақпарат таратып жатқандарға шүйлігіп, оларға үндеу жасады. Өнер иесі жалған жаңалық үшін сот алдында жауап беретіндерін ескертті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Мақпал Жүнісова өзі жайлы жалған ақпараттан кейін ашуға булығып, Instagram-дағы парақшасында видео жариялады. Өнер иесі шындыққа жанаспайтын жаңалық таратып жатқандарға ескерту жасап, оларды сотқа беретінін айтты.

    "Tik-Tok желісінде ауызына келгенін айтып отырған қыздар мен жігіттер, сендер кімсіңдер? Мені "Күйеуге шықты" деп ойбай салып жатыр екенсіңдер. Ұяттарың қайда өзі? Хайп ұстаймыз деп бізді қалай болса солай ойыншық қылдыңдар ғой. Ойларыңа келгенді саласыңдар. Бүйте беретін болсаңдар, быт-шыттарыңды шығарамын. Адам жалдап, соттасамын, ақшаларыңды бәрін алып кетемін. Ешқандай күйеуге шыққан жоқпын. Мені қарсы алған режиссер болатын", - деді эстрада жұлдызы.

    "Ұяттарың қайда": Мақпал Жүнісова өзін тұрмысқа шықты деп ақпарат таратып жатқандарға шүйлікті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.