jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Тұтқаны көтермесем, бітті": Зарина Омарова күйеуінің қызғанышы туралы айтты

    Зарина Омарова
    Зарина Омарова. Фото: instagram/zarina_omarova_official

    Қазақстандық танымал әнші Зарина Омарова он жылдық үзілістен кейін сахнаға оралған соң, күйеуі өзін қатты қызғана бастағанын айтты. Өнер иесі жолдасы екеуінің арасында келіспеушіліктер болып қалатынын жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Зарина Омарова жолдасының қызғанышы уақыт өте үлғая бастағанын жасырмады. Әнші бүгінде жолдасы қоңырау шалғанда бірден жауап беруге тырысады екен.

    "Қазір тіпті қатты қызғанады. Тұтқаны көтермесем, бітті. "Қасыңда кім бар? Қасыңда не бар?" деген сұрақтар кететін. Менімен сөйлеспей қоятын.

    95 келі болғанымда ол үшін бәрі жайлы болды. Ол кезде қызғанбады, мен үйде болдым ғой. Сахнаға оралған соң қызғаныш деген басталды. "Хабар" арнасының бір сериалына түстім. Түсірілім кезінде телефоныма қоңырау түсті. Жолдасым ашулы екен.

    "Үйде тамақ істелінбеген, керек емес сериалың да, басқасы да, не болып кетті мына үй?" деп айтты. Мен барынша түсіндіруге тырыстым. Бірақ түсінгісі келмеді. Түсірілім алаңындағы режиссерге тұтқаны беруімді сұрады. Мені ұятқа қалдырмауын өтіндім. "Онда тұрған не бар? Мен сенің күйеуіңмін. Не деген бітпейтін түсірілімдер? Қашанға дейін болатынын сұраймын" деді. Режиссермен сөйлесті. Ол жолдасыма бәрін түсіндірді. Бірақ шок болып қалды. Режиссерге жолдасымның қызғанышы бар екенін айттым", - деді Омарова "Мамский әңгіме" подкастында.

    "Тұтқаны көтермесем, бітті": Зарина Омарова күйеуінің қызғанышы туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.