jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Қазір барлығын әйелдер шешеді": Бағлан Әбдірайымов өзін "толғандыратын" мәселені ашық айтты

    Бағлан Әбдірайымов
    Бағлан Әбдірайымов. Фото: instagram.com/ baglan_abdraimov_official

    Қазақстандық танымал әнші, "Жігіттер" квартетінің мүшесі Бағлан Әбдірайымов желіде жаңа видео жариялап, әйелдер қауымына қатысты ойын айтты. Өнер иесі бүгінде нәзік жандылардың қоғамдағы орнын сөз етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бағлан Әбдірайымов қазіргі уақытта отбасындағы көп нәрсені әйелдер шешетінін айтты. Әнші тіпті бүгінде кез келген салада үлкен жобаларды қыз-келіншектер тізгіндеп отырғанын жеткізді.

    "Қазір барлығын әйелдер шешеді. Кинотеатрға барып, қандай кино көру керек екенін әйел шешеді екен ғой. Мысалы, менің досым бала-шағасын алып, біз түсірген киноға барған ғой. Тура киноға кірейін деп тұрған кезде әйелі "Біз өзі анда-санда демалысқа шығамыз, қарыз бен құмар ойын туралы фильм көргенше күліп демалып қайтайық" деп айтыпты. Досым сол келіншегінің сөзіне еріп, басқа киноны көріп шыққан ғой. Кейін менен кешірім сұрап, киноны көре алмағанын айтты. Шындығында қазір бәрін әйелдер шешеді. Саудада кілең қыз-келіншектер, медиа саласындағы үлкен жобаларды да әйелдер басқарып отыр. Жаңа жылдық түсірілім болсын, мемлекеттік концерттерді де әйелдер ұйымдастырып жүр. Өкінішке орай сондай жобаларды тізгіндеп жүрген жігіттер санаулы ғана", - деді өнер иесі Instagram-дағы парақшасында.

    "Қазір барлығын әйелдер шешеді": Бағлан Әбдірайымов өзін "толғандыратын" мәселені ашық айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.