jitsu gif
Шоубиз

    "Қандай әйел болғанымды бүкіл ел көрді": Балжан Бидаш желіде өзін сынағандарға жауап берді

    Балжан Бидаш
    Балжан Бидаш. Фото: instagram.com/bidash_official

    Отандық танымал әнші Балжан Бидаш желіде өзіне сыни пікір жазған оқырманына жауап берді. Өнер иесі сәтсіз некесін еске алып, отбасылық өмірге қатысты алдағы жоспарын да айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Балжан Бидаш Instagram-дағы парақшасында "өнерде жүрген арулар әйел бола алмайды" деген пікір қалдырған оқырманына шүйлікті. Өнер иесі оған бірден жауап беріп, азулы жазба қалдырды.

    Шоу-бизнес жұлдызы отбасылы болған кезде қандай әйел болғанын бүкіл Қазақстан көргенін еске салды. Алайда әнші ару өткен некесінде осы жағдайға қатысты қателік жібергенін жеткізді. Енді ол болашақта жақсы әйел емес, сүйікті жар әрі аяулы ана болуды бірінші орынға қоймақ.

    "Қандай әйел болғанымды бүкіл Қазақстан көрген болар. Бірақ келесі мақсатым әйел емес, сүйікті жар, аяулы ана әрі табысты келіншек болу", - деді Балжан Бидаш.

    Балжан Бидаштың Stories-i
    Балжан Бидаштың Stories-i. Скриншот: Instagram/bidash_official

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.