jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Күйеуі жоқ әйелге қиын": Мақпал Жүнісова сахнада елді күлкіге қарқ қылды (видео)

    Мақпал Жүнісова
    Мақпал Жүнісова. Фото: instagram/zhunusova.makpal

    Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова сахнада жүргізушілермен әзілдесіп, елді күлкіге қарқ қылды. Концерт кезіндегі видео әлеуметтік желіде бірден тарап кеткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Tik-Tok желісінде жарияланған бейнежазбаны Мақпал Жүнісованың өзі де Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Видеода әншінің концерт кезінде сахнаға самаурын алып шыққан Жанатбек Бәйтековпен әзілдесіп тұрғанын көруге болады.

    "Шай ішіп кетсеңіз қайтеді, мені алып келген самаурын мен кеседен. Үйді аман-есен бітіріп алдыңыз. Мына самаурынмен бірге кіріңіз онда", - деді Бәйтеков.

    "Бітірдік. Енді кіремін. Жаңа жылдың алдында 4 күн қалғандауақытың болады екен. Келіп, жиһазды бәрін көтерісіп жіберсеңдерші. Күйеуі жоқ әйелге қиын ғой, білесіңдер ғой. Өздеріңнің әйелдеріңді ғана ойлай бермей", деді Жүнісова.

    Өнер иесінің бұл сөздеріне жиналған көпшілік қатты күлді.

    "Күйеуі жоқ әйелге қиын": Мақпал Жүнісова сахнада елді күлкіге қарқ қылды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.