jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Ұнамаса келме": Қанат Айтбаев Астана туралы жағымсыз пікір айтқан ресейлік блогерге жауап берді

    Қанат Айтбаев
    Қанат Айтбаев. Видеодан кадр: "Жақсы адамдарым" бағдарламасы

    Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев елордаға қатысты жағымсыз пікір айтқан ресейлік блогер Илья Варламовқа жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Илья Варламов берген сұқбаттың үзіндісі Instagram желісіндегі levy_bereg_astana парақшасында жарияланған. Бейнежазбада блогер елорданы нашар қала екенін айтып жатқанын көруге болады. Желі жұлдызы сұқбаты барысында Астананы жайсыз қала деп атап, серуендеу үшін қолайсыз екенін жеткізді.

    "Астана – нашар қала. Бұл қалада өмір сүру өте жайсыз. Урбанистика жағынан жағдайы мүшкіл. Серуендеуге де қолайсыз. Астананың көлеңкелі тұстары туралы көп жаздым. Маған ұнамайды. Астанаға тек шаруа бойынша ғана келемін", -деді Варламов.

    Блогердің бұл сыни пікірі көптеген желі қолданушысына ұнаған жоқ. Варламовтың сөзіне қатысты наразылығын білдіргендер арасында Димаш Құдайбергеннің әкесі де бар.

    "Сенің пікірің керек еді бізге. Астана – өте көркем, әсем қала. Ұнамаса келме. "Асын ішіп, аяғына түкіру" дейді мұндайды", - деп жазды Қанат Айтбаев.

    "Ұнамаса келме": Қанат Айтбаев Астана туралы жағымсыз пікір айтқан ресейлік блогерге жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.