jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Ақша алғысы келіп тұрғанын бірден сеземін": Меруерт Түсіпбаева альфонстар туралы ойын айтты

    Меруерт Түсіпбаева
    Меруерт Түсіпбаева. Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

    Отандық танымал әнші әрі актриса Меруерт Түсіпбаева желіде көпшілікті қызықтырған сұраққа жауап берді. Өнер иесі "альфонс" жігіттер туралы қандай ойда екенін ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Меруерт Түсіпбаева бүгінде қоғамда әйелдің арқасында жағдайын жақсартып алғысы келетін ер азаматтар өте көп екенін алға тартты. Әнші бұл қазақ жігіттеріне тән қасиет емес екенін айтып, альфонстарды сынап тастады.

    Өнер иесі мұндай ер азаматтарды маңайына жолатпайтынын жеткізді.

    "Менің өмірімде альфонстар болған емес. Еркек менен ақша алғысы келіп тұрғанын, менің жағдайымды пайдаланғысы келіп тұрғанын сезсем бірден байланысты тоқтатамын. Негізі қазіргі уақытта ондай адамдар өте көп. Мен көп адаммен араласамын. Сол себепті ондай ер адамдар өте көп екенін айта аламын. Құдай сақтасын бұл жақсы үрдіс деп ойламаймын. Әйелдің арқасында өмір сүріп, әйелдің арқасында жағдайын жақсарту деген мүлдем жақсы емес. Бұл қазақтың жігіттеріне тән қасиет емес", - деді Түсіпбаева Instagram-дағы парақшасында.

    "Ақша алғысы келіп тұрғанын бірден сеземін": Меруерт Түсіпбаева альфонстар туралы ойын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.