jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Мені әлі ұмытқан жоқ": сахнадан көрінбей кеткен Жанар Дұғалова шығармашылығы туралы айтты

    Жанар Дұғалова
    Жанар Дұғалова. Фото: Instagram/zhanar_dugalova

    Қазақстандық танымал әнші Жанар Дұғалова шығармашылығына қатысты сұраққа жауап беріп, бүгінгі жас әншілерге қатысты пікір білдірді. Өнер иесі өзіне белгілі хитмендерден әлі де ұсыныс түсіп жатқанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Сахнадан көрінбей кеткен Жанар Дұғалова Revue News бағдарламасына сұқбат беріп, жас әншілермен дуэт жазуға қатысты ойын айтты. Өнер иесі көпшілік өзін әлі де ұмытпағанын алға тартып, жаңа буын өкілдері бірге туынды шығаруғы ұсыныс жасап тұратынын жасырмады.

    Оған қоса Дұғалова бүгінгі жұлдызды әншілерден кімдердің шығармашылығын ұнататынын айтты.

    "Жас буын мені қуантып жатыр. Ұсыныстар әлі де түседі. Яғни мені әлі де ұмытқан жоқ. Мені құрметтейді, менімен ән салғысы келеді. Бірақ маған келетін репертуар әлі естімедім. Маған қазіргілерден Садраддин мен Калифарния секілді талантты жігіттер өте ұнайды", - деді әнші.

    "Мені әлі ұмытқан жоқ": сахнадан көрінбей кеткен Жанар Дұғалова шығармашылығы туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.