jitsu gif
Шоубиз

    Балжан Бидаш бұрынғы күйеуі Жахан Отарғалиевтің үйленуіне қатысты ойын айтты

    Балжан Бидаш
    Балжан Бидаш. Фото: Instagram/bidash_official

    Әнші Балжан Бидаш бұрынғы күйеуі Жаһан Отарғалиевтің үйленуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қазір Балиде жүрген Балжан Бидаш Instagram-дағы парақшасында бірнеше стори жариялап, бұл жаңалыққа қатысты ойын жазды.

    "Иә, елде жақсы жаңалық болып жатыр екен. Әр адам қалағанынша бақытты болуға лайықты. Қалағанынша өмір сүруге құқылы. Дұрыс-бұрыс деген нәрсе жоқ. Тек дұрыс адам болып қалу маңызды.

    Маған бақыт тілеп жатқандар қаншама. Рақмет, достар! Ата-анам мен халықтың қолдауының арқасында сол кезеңнен тез өтіп кеттім", - деп жазды әнші.

    Әнші басынан өткен тәжірибесіне ризашылық білдіріп, оны сол қалпында қабылдағанын, жаратушының жоспары өзінікінен де жақсы екенін түсінгенін айтады.

    Сөз соңында Балжан Бидаш алдағы уақытта үлкен сұхбатқа дайындалып жатқанын, әзірге оны кімге беретінін білмейтінін жеткізді.

    Айта кетейік, әншінің экс-күйеуі ажырасып кеткен соң араға уақыт салып, қайта үйленгені белгілі болды.

    Балжан Бидаш
    Скриншот: instagram.com/stories/bidash_official

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.