Шоубиз

Зектілері

"Күлімдеп қарасаң, сені ақымақ көреді": шетелде демалып жатқан Бүркіт отандастарына назын жеткізді

Жарияланған күні:

Айбек Сейітов
Айбек Сейітов. Видеодан кадр: youtube.com/@uaqyt_korsetedi

Балиде (Индонезия) отбасымен демалып жатқан Бүркіт ондағы тәртіп туралы сөз қозғады. Әнші Instagram-дағы парақшасында екі елдегі көлік жүргізушілерінің жолда жүру мәдениетін салыстырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бали халқының саны шамамен 4 млн. Мына көшенің қиылысында қаншама көлік, мопед. Бағдаршам жоқ. Қалай өтіп жатыр?! Сабырлықпен, тыныштықпен өтіп жатыр, күліп өтеді. Осындай қиылыстар болса бізде баяғыда қырылысып, кептеліктің көкесі болар еді. Біздің көлік жүргізушілері, үйренейікші, бір-бірімізді сыйлайықшы", - деді Бүркіт.

Ол қазақстандық көлік жүргізушілерін бір-біріне сыйластық танытуға шақырды.

"Шындық қой. Бізде бір-бірімізді жеп қоюға дайын тұрамыз ғой. Біреудің алдын қиып кетсең, ерінбей жетіп алып, ұрысып, ол да алдыңды қияды. Сабырлық деген бізде мүлдем жоқ боп бара жатыр. Жол әдебі деген бар еді бұрынғы жылдары, қазір одан мүлдем алыстап кеткен секілдіміз.

Төбелеске дейін барады. Ұрып , жығып, өзінің дұрыстығын дәлелдегісі келетіндер қаншама…

Күлімдеп қарасаң, сені ақымақ көреді басқалар. Ұятты дүниелер көп енді. Өзімізді өзіміз түземесек, ұят болады-ау!", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/scandals/2215028-kulimdep-qarasang-seni-aqymaq-koredi-shetelde-demalyp-zhatqan-burkit-qaza-eline-nazyn-zhetkizdi/