jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Мен үшін бәрі де аяқталды": Жұлдыз Әбдукәрімова желіде жаңалығын бөлісті

    Жұлдыз Әбдукәрімова. Фото
    Жұлдыз Әбдукәрімова. Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

    Белгілі актриса Жұлдыз Әбдукәрімова Instagram-дағы парақшасында оқырмандарына сүйінші жаңалығын жеткізді. Ол пәтеріне қатысты іс аяқталғанын жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Жақсы жаңалық. Ең алдымен алғыстан бастағым келеді… Өздеріңізге белгілі сот мәселесі бойынша іс жүріп жатты. Жария етіп жазған күннен бастап, маған тілеулес, жанашыр, кеңесші, жол сілтеуші болған әр жанға алғыс. Бұл жаңалықтың жақсы жері сол, мен үшін бәрі де аяқталды. Балаларыма, өзіме тиесілі дүние қайырымен қайтты. Әу бастан бұл жағдайды сынағым деп қабылдағаным рас. Ешкім, ешқашан үйрете алмайтын өмірлік сабақ болды.

    Айналамда жаным-күнім деп, айналып-толғанып жүрген жандар бір-ақ күнде зым-зия болғанын көрдім. "Не көмек" деп галочка үшін суық қана sms жолдағандар да болды. Керісінше үнсіз ғана қасымда болып, қолынан келгенін жасап, көмектесуге тырысқан жандарды да көрдім. Бастысы айналамдағы адамдар сүзгіден өтті", - деп жазды ол.

    Актриса аталған істің оңды шешілуіне септігін тигізген прокуратура өкілдеріне, адвокатына алғысын жеткізді.

    "Енді бұл тақырыпқа қайта оралғым келмейді", - дейді ол.

    "Мен үшін бәрі де аяқталды": Жұлдыз Әбдукәрімова желіде жаңалығын бөлісті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.