RU
Шоубиз
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Актер Шәріп Серік қамауға алынды

Жарияланған күні:

Шәріп Серік сүйіктісімен
Шәріп Серік сүйіктісімен. Фото: instagram.com/ shakentii

Алматы соты актер Шәріп Серікке қатысты әкімшілік істі қарады. Бұған дейін оны бұрынғы сүйіктісі қол көтерді деп айыптаған болатын, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы соттары тиісті сот шешімін Facebook желісіндегі ресми парақшасында жария етті.

"Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттері үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі) С.-ға қатысты іс қаралды.

Сот С. серіктесі Б.-мен жанжалдасып, мінез-құлық нормаларын бұза отырып, әдепсіз сөздер қолдануға жол бергенін анықтаған. Сот талқылауы барысында С. өз кінәсін мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растады.

"Сот қаулысымен С., Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, бұған дейін Шәріп Серіктің бұрынғы сүйіктісі Әлия Бутеева актердің өзіне қол көтергенін айтып, Instagram желісінде жазба жариялаған. Жазбаға қоса ол лифтте түсірілген видеоны жария етті. Лифттің бейнебақылау камерасына жазылған видеодан бойжеткеннің лифтке кіргенін, артынша әлдебір ер адам жүгіріп келіп, оның қолына жармасып, лифттен тартып сыртқа шығарып жатқанын байқауға болады. Бұл видеодан соң отандық кинокомпания актер Шәріп Серікті "қара тізімге" енгізіп, барлық келісімшартты тоқтатты.

"Соңғы оқиғаларға байланысты Sәlem Entertainment ұжымы Шәріп Серікті "қара тізімге" енгізіп, онымен кез келген ынтымақтастықты толығымен тоқтатты.

Бұған дейін жарияланған "Шакал" сериалы мен Qarga сериалының үшінші маусымы жабылды", - делінген компания Instagram желісінде жариялаған хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/scandals/2233293-akter-sharip-serik-qamauga-alyndy/

Жарияланымға реакцияңыз?

Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

jitsu gif