jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Лайк пен қаралым үшін жасалады": белгілі блогер жауапкершілікке тартылды

    Белгілі блогер Daricorn
    Белгілі блогер Daricorn. Фото: instagram.com/daricorn.rr

    Белгілі блогер көлік басқарып отырған бейнежазбасын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Алматы қаласының полиция департаменті блогер екі бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді.

    "Интернет кеңістікті талдау барысында белгілі блогер-қыздың жол-көлік ережелерін өрескел бұзғаны анықталды. Тергеу қорытындысы бойынша құқық бұзушы ҚР ӘҚбК-нің 595-бабының 1-бөлігі (сигнал беру талаптарын орындамау) және ҚР ӘҚбК-нің 606-бабының 1-бөлігі (апаттық жағдай туғызу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Мұндай әрекеттер жай ғана жауапсыздық емес, ол басқалардың өмірі мен денсаулығына қасақана қауіп төндіру. Мұның бәрі интернеттегі лайк пен қаралым үшін жасалады. Танымалдылық деңгейі, оқырмандардың саны жауапкершіліктен босатпайды. Заң — бәріне бірдей", — деп хабарлады полиция өкілдері.

    "Лайк пен қаралым үшін жасалады": белгілі блогер жауапкершілікке тартылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.