jitsu gif
Шоубиз

    Сүлеймен сұлтанды сомдаған актер Халит Эргенч сотталды

    Халит Эргенч
    Халит Эргенч. Фото: Anadolu/Getty Images

    Судья "Ғаламат ғасыр" телехикаясымен көпшілікке танылған актердің бұрын істі болмағанын ескеріп, оған 1 жыл 10 ай 15 күнге шартты жаза кесті, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

    Ал әріптесі Рыза Коджаоғлу 1 жыл 8 айға сотталыпты. Стамбұл прокуратурасы театр және кино актерлерін жалған куәлік берді деген айыппен тергеуге алған.

    Даулы іс түркиялық әйгілі кастинг менеджері Айше Барымның қамауға алынуынан басталған. Әйелге 2013 жылы үкіметке қарсы шеру ұйымдастырды деген айып тағылған. Сөйтіп куәгерлікке онымен бірге жұмыс істеп, аралас-құралас болған барлық жұлдыз тартылған. Арасында Халит Эргенч бар.

    Прокуратура Халитті тергеу кезінде жалған мәлімет берді деп айыптап, оған үкім кесті. Актердің жанкүйерлері "жаза — әділетсіз" деп, сүйікті әртісін қорғап жатыр.

    Дереккөз: "КТК" арнасы

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.