jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Қазақстандық танымал блогерге іздеу салынды

    Қайсар Қамза
    Қайсар Қамза. Фото: instagram.com/qais_arr

    Қазақстандық танымал блогер Қайсар Қамзаға іздеу салынды. Тиісті ақпарат Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланған, хабарлайды "Қазақпарат".

    1995 жылғы 18 қыркүйекте туған Қамза Қайсар Бақытжанұлы 10 қаңтардан бері іздестірілуде. Іздеу шараларын Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр.

    Қазіргі уақытта іс бойынша басқа ақпарат жарияланбады.

    Айта кетейік, блогердің Instagram-да 2,6 миллионнан астам, ал TikTok-та 340 мыңнан астам оқырманы бар. Ол контентінің көпшілігін өзге елдерде жүріп жариялайды. Қайсар Қамза өзін тревел-блогер ретінде таныстырады, сондай-ақ отандық фильмдерге де түскен.

    Бұған дейін әлеуметтік желілерде оның Үндістандағы сапары кезінде түсірілген видеолары қызу талқыға түскен еді. Кадрларда блогердің бейәдеп сөздер айтқаны және жергілікті тұрғындарға дөрекілік көрсеткені байқалып, пікірталас тудырған.

    Сонымен қатар Қайсар Қамзаның есімі бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі таратқан хабарламада да аталған.

    Қазақстандық танымал блогерге іздеу салынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.