jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Рэпер Qarakesek сот шешімімен 100 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылатын болды

    Омар Амантаев
    Рэпер Qarakesek. Фото: instagram.com/qarakesek_west

    Қазақстандық танымал рэп орындаушысы Омар Амантаевты (Qarakesek) былтыр 30 тамызда полиция қызметкерлері ұстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Диапазонға сілтеме жасап.

    Басылым мәліметінше, ол көлікті есірткіге мас күйде жүргізген. Тінту кезінде полиция қызметкерлері ұнтақ зат салынған пакетті тәркіледі. Сараптамадан оның синтетикалық есірткі екені анықталды.

    Қылмыстық кодекстің 296-бабының 3-бөлігі бойынша (ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) қылмыстық іс қозғалды. Рэпер есірткіге мас күйде көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамауға алынды.

    Qarakesek-тің ісіне қатысты сот отырысы 18 ақпанда өтуі керек еді, бірақ ол сотқа қатысқан жоқ. Ал судья айыпталушыны сотқа күштеп әкелу туралы шешім шығарды.

    Келесі күні, 19 ақпанда, рэпер сотқа келді. Ол ұнтақ салынған пакетті көшеден тауып алып, өзі қолданғанын айтты. Сондай-ақ ол сотқа төрт баласы бар екенін және кәсіпкер екенін айтып, айыппұл салу түрінде жаза тағайындауды өтінді.

    Ал мемлекеттік айыптаушы сотталушыны 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартуды сұрады.

    Сотталушыға сол күні үкім шықты. Сот оның жасын, бұрын сотталмағанын және кәмелетке толмаған балалары барын ескере отырып, оған қатысты 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту туралы үкім шығарды.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Рэпер Qarakesek сот шешімімен 100 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылатын болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.