jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Рэпер Navai есірткі ісі бойынша ұсталды: Қырғызстан әртістің шекарадан қалай өткенін анықтап жатыр

    ресейлік рэпер NAVAI
    Рэпер NAVAI. Фото: instagram.com/navaib

    Қырғызстанда рэпер Navai ел шекарасынан өткенімен, Қазақстанда есірткіге қатысты іс бойынша ұсталғаннан кейін тексеру басталды. Бұл туралы "Sputnik - Қырғызстан" агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қырғызстанның Шекара қызметі агенттікке хабарлағандай, қазіргі уақытта рэпер Navai-дың қырғыз-қазақ шекарасындағы "Ақ-Жол" өткізу пунктінен есірткімен қалай өткені анықталып жатыр.

    "Ведомство егер Шекара қызметінің қызметкерлері тарапынан заң бұзушылықтар болса, кінәлілер жазаланатынына сендірді", - делінген жарияланымда.

    Navai-дың Қазақстанда ұсталуы

    Естеріңізге сала кетейік, кеше Navai-дың тыңдармандары Астанада жоспарланған концертке бара алмайтыны белгілі болды. Ұйымдастырушылар 14 қазан кешінде өтуге тиіс концерттің тоқтатылғанын мәлімдеді.

    Сол күні рэпердің Жамбыл облысында есірткі контрабандасы күдігімен ұсталғаны хабарланды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Бұл ретте ресейлік рэпердің директоры Рауф Гусанов әртістің ұсталуына қатысты пікір білдіруден бас тартты. Ал әртістің анасы бұл жағдайды "қолдан ұйымдастырылған" деп атап, ұлының жақында босап шығатынына сенім білдірді.

    Рэпер Navai есірткі ісі бойынша ұсталды: Қырғызстан әртістің шекарадан қалай өткенін анықтап жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram