Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы ергежейлі отбасы тұңғыш рет балалы болды

Опубликовано:

Ақтауда бойлары 120 сантиметрден аспайтын ерлі-зайыптылар көпшілікке үлгі болып отыр. Тіпті ғалымдардың "бәкене бойлыларда ұрпақ болмайды" деген пайымдарын Алшын мен Сайраш мысалында жоққа шығаруға болады.

Өйткені еліміздегі ең кішкентай тұрғындардың шекесі торсықтай ұлдары бар, деп хабарлайды 31 арна.

Ақтаудағы ең қысқа бойлы ерлі - зайыптыларды танымайтын жан кемде-кем. Отағасы Жеңіс Қарасаев пен жұбайы Сайраштың бойлары 120 сантиметрден аспайды. Бірақ бойларының қысқалығынан тұрмыстық жағдайда ғана қиындыққа тап болғаны болмаса, дене бітімінің ерекшелігінен қоғамнан шеттету көрмепті.

Отанасы үй шаруаларына келгенде әртүрлі әдіс ойлап табуға тура келетінін жасырмайды. Мәселен, ас әзірлеп, ыдыс жуғанда орындықтың үстіне шығуға тура келетінін айтады.

"Бәрі аласа болсын, бойларыңа ыңғайлы болсын",- деді тумаларымыз. Бірақ мен оған көнген жоқпын. Өйткені бала кезімнен биікті ұнатамын. Мысалы мына ыдысты шкафтың үстіне қоюым керек болса, бойым нағыз жетпей жатса тағы бір табуретканы алып, үстіне шыға берем. Холодильниктен де тамақ алсам былай стол қоям мініп ала берем", - дейді Сайраш Есенаманова.

Сайраш туғаннан қысқа бойлы. Ал, күйеуі генетикалық ауытқу салдарынан кемтар болып туған. Өздері Ақтауда тұрғанымен, тағдырлары он жыл бұрын Алматыда тоғыстырыпты. Ауырып, Алматыдағы ауруханалардың біріне емделуге жатқан Алшынға бейтаныс әйел келіп, "бойы қысқа туысқаны бар екені, таныстырғысы келетінін айтып, телефон нөмірін сұрапты.

Өзге адамның көмегімен, екі жас біраз уақыт телефон арқылы сөйлесіп жүріп, ақыры отбасылы болған. Қазір үш айлық ұлдары бар. Әзірге дәрігерлер, баласының бойы да қысқа бола ма, әлде өсе бере ме ол жағын дөп басып айта алмай отыр.

"Бала кезімде бұрын кішкентайлығымнан сескендім. Бойым неге кішкентай, неге өспеймін деп. Қазір керісінше қысылмаймын. Ұзын бойлы достарым бар солармен қатар бірге өмір сүріп жатырмын", - дейді отағасы Алшын Қарасаев.

Алшынның айтуынша, Ақтаудағы мемлекеттік мекемелер «бойларың тым қысқа, жұмысқа жарамайсыңдар» деп қызметке орналастырмаған. Алшынның бойы 120 сантиметр болса да, күзетші болып жұмыс істеген. Алайда қазір жұмыссыз қалған жанұя әлеуметтік жәрдемақыға күн көріп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1006812-qazaqstandaghy-enh-qysqa-boyly-azamatt/

pixel