jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алматы зообағында "Қызыл кітапқа" енген тағы бір жыртқыш өлуі мүмкін

: UGC

Алматы хайуанаттар бағында тағы бір жолбарыс ауруға шалдықты. Жыртқыш төрт айдан бері сырқаттанып жатыр деп хабарлайды Қазақпарат.

Зообақ директоры Қанат Кәрімовтың айтуынша, 6 жасар Құралай есімді ұрғашы жолбарыс 4 айдан бері ветеринарлық ем қабылдап жатыр.

«Өткен жылы да Құралай қар барыстары сияқты өкпе қабынуы аурумен ауырып, емделіп шыққан болатын. Бірақ, биыл ауру қайталанды. Біз үздік мамандардың басын қосып, консилиум жинап жатырмыз. Әзірге ештеңе айта алмаймын», - деді Кәрімов.

Хайуанаттар бағында директоры соңғы 3 жылда мысықтұқымдастардың қатары сиреп жатқанын мойындады.

Еске сала кетейік, 2009-2014 жылдары Алматы зообағында 6 қар барысының ажал құшқаны жақында белгілі болған еді. Олардың барлығы өкпенің қабынуы дертінен көз жұмған.

Өз кезегінде мекеме басшылығы жануарлардың жерсінуі үшін ыңғайлы жағдай жасалмағанын айтып ақталды.

Алматы зообағында "Қызыл кітапқа" енген тағы бір жыртқыш өлуі мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.