Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа ереже бойынша Қазақстанда жүргізуші куәлігі қалай беріледі?

Опубликовано:

Автомектепке бармай-ақ, жүргізуші куәлігін алуға болады. Ол үшін теория мен тәжірибені игеріп алсаңыз болғаны деп жазады Хабар.

Заң сәуір айының соңында күшіне енеді. Бірақ оны қазірден бастап қоғам қызу талқылап жатыр.

Жаңа өзгеріс бойынша, құжат арнайы халыққа қызмет көрсету орталығында беріледі. Еліміз бойынша олардың саны – 11. Аталмыш өзгерістің қалай іске асатынын мамандар көрсетіп берді.

Жаңа талап бойынша жүргізуші куәлігін алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына келу қажет. Ол үшін өзімен бірге жеке куәлік және медициналық анықтама болса болғаны. Тіркеу орнына келсеңіз, арнайы талон беріледі. Ол талонды алып, залға енесіз.

Айта кету керек, бұл өзгеріс А және Б категориялы жүргізуші куәлігін алатын азаматтарға арналған. Сондай-ақ осы залда мемлекеттік төлем төлеуді де ұмытпаңыздар. Оны кассаға келіп, 2651 теңге көлемінде мемлекеттік төлем төлейсіз.

Сонымен қатар егер қолыңызда медициналық анықтама болмаса, оны да осында келіп, рәсімдеуге болады. Барлық құжаттармен сіз жүргізуші куәлігін рәсімдеу залына барасыз. Рәсімдеу залында кез келген бос тұрған маманның алдына барып, құжаттарыңызды өткізесіз. Содан кейін арнайы фотосуретке түсесіз.

Жүргізуші куәлігі үшін қажетті қолтаңбаны да осы жерге қоюға болады. Оған дейін маман барлық құжатты дайындап қояды. Оны алып емтихан тапсыратын залға кіресіз. Барлық құжаттарды дәл солай инспекторге өткізесіз де, өзі көрсеткен орынға жайғасасыз.

Емтихан ережесі бойынша 40 сұрақ беріледі. Оны сіз 40 минут ішінде жауап беруіңіз керек. Емтихан аяқталған соң оның қорытындысын білу үшін инспектордың алдына барасыз. Ол сізге қорытынды қағаз береді.

Барлық құжаттардың инспектордан қайта алып, тәжірибе жүзінде емтихан тапсыруға барасыз. Тәжірибелік емтиханға 20 минут уақыт беріледі. Ол уақыт аралығында жүргізуші нұсқаушымен бірге алаңды толық аралап, тиісті жаттығуларды орындап шығуы тиіс.

Барлық ереженің дұрыс орындалу, орындалмауын арнайы құрылғы анықтайтын болады. Айта кетерлік жайт, жүргізуші егер бұл жолы сынағын тапсыра алмаса, оған тағы екі мүмкіндік беріледі. Егер оны да тапсыра алмаса, алаңға жарты жыл бойы кіруге рұқсат жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1094996-zhanha-erezhe-boyynsha-qazaqstanda-zhurgi/

pixel