jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қазақстандықтар Арыстанбек Мұхамедиұлы үшін қырғыз бауырларынан кешірім сұрады

: UGC

Әрбір баяндамасы күлкіге немесе дауға ұласып жататын Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының кешегі есептік жиыны да қоғамда әлі қызу талқыланып жатыр.

Бұл жолы тек қазақ емес, көрші қырғыз елі де Қазақстан министрінің «біртүрлі» әңгімелерін әртүрлі түсінуде. Турасын айтқанда, қырғыздардың Арыстанбек Мұхамедиұлына өкпесі қара қазандай.

Өкпелейтіндейі де бар, кеше Астанада есептік жиын өткізген Мәдениет министрі әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматовты мақтаймын деп отырып, қырғыз халқының да, үкіметінің де шамына тиетін сөздер айтты.

«Жасыратыны жоқ, Мәскеуге немесе өзге қалаларға ұшып келсең қоғамдық дәретханаларды жап-жас қырғыздың қыздары жуып жүреді. Бұл әрине, көңілге ауыр тиетіні сөзсіз. Нағыз жастық шағында неліктен олар дәретхана жуып жүр деп ойлайсың? Елінде жұмыс немесе болашақ болмаса әрине, қырғыздар өзге қалаларға барып күнелтуге мәжбүр. Осыны ертеректе біліп ескерткен Шыңғыс Айтматов — ұлы жазушы», - деген болатын Арыстанбек Мұхамедиұлы сол есептік жиында.

БАҚ өкілдері де министрдің осынау сөзін іліп әкетіп, жарыса жариялап жатты. Ал, қазақстандық қоғам белсенділері көрші ағайыннан Мұхамедиұлы үшін кешірім сұрап, кейбір Мәдениет министрлерінде мәдениеттің болмайтынын айтты.

«Қырғыз бауырларымның алдында бұл министрдің сөздері үшін кешірім сұраймын. Қайтесің енді, мəдениеті жоқ министрлер де болады», - дейді қоғам белсендісі, «Болатхан Тайжан» қорының президенті Мұхтар Тайжан.

«Қырғыз бауырлар, біздің министр үшін мені кешіріңдер. Қазақстанда шенеуніктермен мұндай жайттар жиі орын алып жатады. Олар жиі ақылдарынан да адасады», - дейді белсенді Аян Шәріпбаев.

«Қырғыз бауырларымнан кешірім сұраймын мынау кісінің айтқан сөздері үшін», - дейді КТК телеарнасының бұрынғы басшысы Арман Шораев.

Қайырымдылық шаралардың үнемі басы-қасында жүретін Аружан Саин де Мұхамедиұлы үшін ұялып кешірім сұрайтынын айтты.

Қырғыздар да қазақ халқына түсіністікпен қарағанымен, өз орталарында қазақ министрінің осынау сөздерін әртүрлі талқылап жатыр. Бір тарап мұндай адамның үкімет құрамына қалай еніп кеткеніне таңданса, екіншілері өз үкіметтерін кінәлауда.

Тағы оқыңыз:

Елімізде бала көтере алмай жүрген 1 млн-нан астам әйелдің көбі халық емшілерін жағалап кеткен

Бердібек Сапарбаев: Биліктің кемшілігі – халықпен сирек кездесуі

Атырауда 16 жасында жүкті болып қалғандарға қатысты қылмыстық істің көбі үйлену тойымен аяқталады

Ақмола облысында өлі денесін балықшы тапқан Эллина Құлдина жер қойнына берілді

Алматыда әйел көтеріп жүгіруден тұңғыш чемпионат жанжалмен аяқталды

Қазақстандықтар Арыстанбек Мұхамедиұлы үшін қырғыз бауырларынан кешірім сұрады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.