Шылымқорлар темекі сыртына шіріген дене мүшелерінің суретін салуға қарсы шықты
Жарияланған күні:
Шылымқұмарларды қорқытатын «құбыжық суреттер». Дизайнерлер қорапқа салынатын сондай бейнелерді көрсетті. Яғни, темекі сыртында енді бұдан былай өлі туылған шарана мен шіріген дене мүшелерінің суреттері бадырайып тұрмақ деп хабарлайды КТК арнасы.
Шылымқор тұрмақ, шекпейтін кісінің өзін шошытып жіберетін жаңалық - өндірушілердің көңілінен шықпай қалды. Тіпті, қос тарап темекі үшін айқайласып, шылымға қарсы жасалған шерудің соңы қып-қызыл жанжалға ұласты.
Бір топ белсенді осылай көк түтінге қарсы ұрандатты. Бірі –жүрек, бірі-өкпе боп костюм киіп алғандар темекінің зияны туралы тамағы жыртылғанша айқайлады. Онысына өздері мәз болып, қалжыңдасып та алды.
Бірақ, оларды тыңдаған жан болмады. Шеруді сырттай бақылап тұрғандар әрі қарай да шіреніп шылымын шегіп тұр. Десе де, шылымқорларды шошытанын нәрсе шеруден кейін болды. Дизайнерлер темекі сыртына салынатын сондай бейнелердің бірсыпасын көрсетті.
"Темекі сыртындағы қорқынышты суреттерді көрген адам шылымды тастайды деп сенеміз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да осыны қолдап отыр. Бұл суреттерден соң бәрі бірдей темекіден бас тартпаса да, бесіктен әлі белі шықпаған жастар ойланады деп үміттеніп отырмыз", - дейді «Темекі түтінінен азат Қазақстан» қозғалысының жетекшісі Жәмилә Садықова.
«Құбыжық суреттердің» ішінде өлген сәбиден бастап, шіріген дене мүшелеріне дейін де бар. Қанталаған ми мен құрттаған өкпенің де суреті енді темекінің бетіне түспек. Күрескерлердің пікірінше, осылай жұртты қорқыту арқылы оларды жаман әдеттен арылтуға болады екен. Тек өз маркасында мәйіт бейнесінің тұруы бизнесмендердің көңілінен шықпай қалды.
"Темекіге қарсылық білдірушілердің өткізіп жүрген акциялардан түк пайда жоқ. Ол суреттерді көріп, ешкім де темекіні тастап кеткен жоқ. Құр бекер ақша шашудың амалы бұл", - дейді «Бизнес жемқорлыққа қарсы» альянсының белсендісі Кирилл Павлов.
Темекінің жаңа дизайнына қарсы шыққандар темекі өндірушілерін біресе жақтап, біресе даттап ақыры қорап сыртындағы сурет үшін тараптар жанжалдасып тынды.
Қалай дегенмен де, темекі өндіруші компаниялар келесі жылдың 15-қарашасына дейін «құбыжық суреттерді» қораптарына жапсыруы тиіс. Бұл Қазақстанда жасалған және шетелдік маркілі брендттердің бәріне міндетті. Бірақ, бұл шараның да қаншалықты тиімді болары белгісіз. Өйткені, жұрттың алдында «темекіге қарсымыз» деп қызыл кеңірдек болғандар журналистер тарап кеткенде темекіні рақаттана тартып жүрді.
Тағы оқыңыз:
Шымкенттік полицейлер бір күнін қалай өткізеді? (фото)
Бас мүфти кісі қазасынан соң аста-төк қылып құдайы ас бермеуге шақырды
Елімізде Тиматидің сақалы мен Қайрат Нұртастың шашына қызығатын жігіттер көбейген
Қарағандылық оқушы қыз АҚШ-тың атақты университетінің оқу грантын ұтып алды
Оңтүстікте студент қызды асқан қатыгездікпен өлтірген жігіт тамызға дейін қамауға алынды
Алматы әкімдігі тұрғындарға 10 сотық жер тауып бере алмайтынын мәлімдеді
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1141229-shylymqorlar-temeki-syrtyna-shirigen-d/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.