Қазақтар лагердегі тұтқын әйелдерді ажалдан қалай құтқарған?
Жарияланған күні:
Ақмоладағы «отанын сатқандардың» әйелін тұтқында ұстаған лагерде болған (АЛЖИР) әйелдердің бірі Гертруд Платайс 1990 жылы ерекше оқиғаны айтып берді.
Бұл туралы «Қазақстан Жаңалықтарына» сілтеме жасап bnews.kz хабарлайды.
АЛЖИР-де еш кінәсі жоқ, «халық жауына» айналған күйеуі мен туыстарынан бас тартпаған мыңдаған әйел күн кешіп, тар қапаста өмір сүрді. Қыстыгүні таңертең әйелдер Жалаңаш өзенінің жағасынан барақтар тұрғызуға қамыс жинайды. Сол маңдағы Жаңаш ауылының балалары үлкендердің айтуымен әйелдерге тас лақтыра бастайды. Осы сәтте бақылаушылар «көрдіңдер ме, сендерді тек Мәскеуде емес, ауылдағылар да жек көреді» деп кекетті.
Осылайша күнде жалғаса берді. Бір күні әбден қалжырап тұрған Гертруд әлгі тастан сүттің иісі шығып тұрғанын байқайды. Сөйтеді де ауызына салып көріп еді, өзі тәтті екен. Ол тастардың бәрін жинап, бараққа алып келді. Ол жерде тұтқындалған қазақ әйелдер бар еді. Олар мұның айраннан жасалатын құрт деген тағам екенін айтып береді.
Сөйтсе, қазақтар өздерінің балалары арқылы тұтқын әйелдерді бөліп алып, оларға әдейі құрт лақтырып, аштықтан құтқару үшін осындай әдіс қолданыпты. Олар түнгі уақытта тұтқындарға құрт, талқан, ет, нан қалдырып кеткен. Қазақ халқының осы бір жақсылығын әйелдер өмір бойы ұмытпаған.
Тағы оқыңыз:
Ақтөбе облысында ішімдікке тойып алған ер адам Шығанақ Берсиевтің ескерткішін қиратты
ОҚО-да қораз төбелестіріп пайдаға батқан азамат ұсталды
Жүрсін Ерман: Балғынбек бастаған әсіре діншілдер айтыстан кетіп жатыр (видео)
Алматылықтар президентті қорғап митингке шықты
Бас мүфти кәсіпкерлерден Рамазан айында арақ-шарап сатпауын өтінді
Шымкент әкімі түлектерді ҰБТ қорытындысынан трагедия жасамауға шақырды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1145477-qazaqtar-lagerdegi-tutqyn-ayelderdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.