Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мектеп қабырғасында жүріп жүкті болатын қыздар мәжіліс депутатын шошытты

Опубликовано:

Соңғы бес жылда елімізде жасөспірімдер арасында жүктіліктің 33 мың 51 фактісі тіркелген. Бүгін парламент мәжілісінің жалпы отырысында депутат Бақтияр Мәкен осы мәселені көтерді.

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Депутаттың айтуынша, соңғы жылдары жаңа туған сәбилердің дәретханалар мен қоқыс үйінділеріне лақтырылып тасталуына қатысты оқиғалардың жиілеуі қоғамда үлкен резонанс тудырып отыр. Адамшылықтан ада мұндай оқиға Тараз, Ақтөбе және Жезқазған қалаларында қайталанған. Бұл ретте Бақтияр Мәкен ТМД мемлекеттерінің аумағында жасөспірімдер жүктілігі індет ретінде қаралатын деңгейге жеткенін атап өтеді.

«Қазақстандағы жасөспірімдер арасындағы жүктіліктің пайызы Ресеймен, Украинамен салыстырғанда біршама аздау, алайда осы мәселе қатты алаңдатып, қалың ойға қалдырады. Статистика мәліметтері бойынша елімізде әйелдердің бестен бірін 18 жасқа дейінгі жасөспірім қыздар құрайды, олардың саны 2 млн.нан астам. Ал Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мәліметі бойынша соңғы бес жылда жасөспірімдер арасында жүктіліктің 33 мың 51 фактісі, оған қоса 15 және 18 жастағы қыздардың 9906 жасанды түсігі тіркелген. Бұл мәлімет пайыздық көрсеткіш бойынша Батыс Еуропа елдерінен екі-үш есеге артық. Ал 15 және 18 жас аралығындағы қыздардың жасанды түсік көрсеткіштері әлі күнге жоғары, жыл сайын екі мыңға дейін жетеді», - деді депутат Мәкен.

Осы ретте депутат ерте жүкті болу жасөспірім қыздардың денсаулығына зиянын келтіріп, оның соңы қайғылы жағдайларға ұласып жататынын атап өтті. Оның айтуынша, 15-18 жас аралығындағы жүкті болу оқиғалары көбінесе өлімге соқтырады. Мәселен, дамыған елдерде жыл сайын 70 мыңға тарта жасөспірім көз жұмады.

«Жасөспірімдер арасындағы жыныстық қатынастар, ерте жүкті болу мен, кәмелетке толмағандардың некелері, ерте жастағы түсік тастаулар, аналардың туған нәрестесінен бас тартуы, ана мен баланың өлім-жітім көрсеткішінің артуы, қыздар арасындағы суицидтердің көбеюі осының барлығы еліміздің демографиялық ахуалыны кері әсерін тигізеді. Бұл ұлттық деңгейдегі мәселе»,  - деді депутат.

Оның айтуынша, бұрын ерте жастан жүктілік мәселесі негізінен жағдайы төмен отбасыларда орын алады деген түсінік болса, қазір жағдай олай еместігін көрсеткен. Бүгінгі күні әлеуметтік теңсіздік те байқалады.

«Ата-аналар тарапынан тиісті назар аударылмаған жағдайда жасөспірімдер саналылығы төмендейді. Соның ішінде жасөспірімдер арасындағы жүктілік жыныстық тәрбиенің дұрыс жүргізілмеуінен де болып табылады. Мұндай жағдайға тап болған қыз балалар әлеуметтік қолдауға зәру», - деді депутат.

Тағы оқыңыз:

Луинаның қызбен сүйісіп, ортаңғы саусағын шошайтқаны көпшіліктің ашуын келтірді (фото)

Ермегияев ісі: Қорғаушы сотта "Сүлеймен Сұлтан" сериалының сюжетін айтып берді

Елді шулатқан отандық жұлдыздар

Данияр Ақышев қазақ тілін бір жыл ішінде үйреніп алуға сөз берді

Орал тұрғыны қызын құтқарып қалу үшін өз бүйрегін берді

Маңғыстауда үш жігіт 18 жастағы бойжеткенді жабылып зорлаған

Елді есеңгіреткен ең есте қаларлық қазақ тойлары

Ақтөбелік әйелдер шетелдіктерге де жатырын жалға беріп жатыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1146225-mektep-qabyrghasynda-zhurip-zhukti-bola/

pixel