Ақтөбелік теологтар бүлікшілермен осыған дейін бірнеше рет кездескен
Жарияланған күні:
Ақтөбедегі «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теологтары бүлікшілермен осыған дейін бірнеше рет кездесу өткізгенін жасырған жоқ деп хабарлайды аймақтағы NUR.KZ тілшісі.
«Олармен жеке дара сұхбат болды. Сұхбат кезінде олар өздерін байсалды ұстады. Байсалды салафилердің қатарына жатқызамыз. Бірақ уақыт өте келе олардың қандай ұжымға, топқа мүше болғандығын анықтау құзіретті органдардың жұмысына кіреді, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы олармен бірнеше рет кездесу өткізді. Дәртүрлі дін мен жалған діни ағым арасындағы айырмашылықтар және шектен шығушылықтың неге әкеліп соқтыратыны туралы түсіндірілді. Олар ол кезде ешқандай қарсылық білдірген жоқ. Теологтар тарапынан дәлелді дәйектер айтып түсіндірілді», - дейді «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы басшысының орынбасары Асылбек Тыныштықов
Теологтар басқа ағым жетегіне кеткендердің адамдарды кәпірге теңеп, қоғамнан оқшауланып кететінін айтады.
«Шетелдердегі, Сириядағы орын алған қақтығыстардың дұрыс емес екендігі айтылды. Қарулы джихаттың қате, адамның алдымен өзін тәрбиелеуі, қоғаммен бірлесіп өмір сүру керек екені түсіндіріледі. Олар көбіне қоғамнан оқшауланады, адамдарды кәпірлікпен, күпірлікпен айыптайды. Олар бабаларымыздан мирас болып келген, он екі ғасырдан бері орталық Азияда кең қанат жайған Әбу ханифа мектебін мойындамайды. Түрлі уахабизмдік сарындағы, салафи бағытындағы идеологияны өзара насихаттайды. Әлеуметтік желі арқылы түрлі пәтуаларға арқа сүйейді», - дейді Асылбек Тыныштықов.
Ал Ақтөбеде дәстүрлі дінді мойындамай жүрген 2000-нан астам басқа ағымдағы азаматтардың бар екені осыған дейін айтылып жүр. Өңір абызы Амангелді Айталы санаулы лаңкесті қырып салғанымыз – уақытша саябырсу екенін айтқан болатын.
Қазір Ақтөбедегі мешіттердің айналасы да қоршауға алынып, күзет қойылды.
Ақтөбедегі ірі лаңкестік оқиға бойынша барлық жаңалықтарды мына жерден таба аласыздар
Тағы да оқыңыздар:
Ақтөбеде марқұмдардың туыстары жақындарының содырлар қолынан қалай қаза болғанын айтты
Сарапшы: «Қазақстанды азат ету армиясы» елді қорқыту үшін ойдан шығарылған
Мұхтар Тайжан еліміздегі діни радикализмге жол ашқан 5 себепті атады
Ақтөбедегі терактіде қаза болғандардың отбасына 1 млн теңгеден беріледі
Ақтөбеде теракт жасаған күдіктілердің бірі өз ұлын ұрлап кеткен
Ақтөбеде атыс ұйымдастырған жеті күдікті іздестірілуде (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1153224-aqtobelik-teologtar-lanhkestermen-bi/