Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОҚО-да қазақша cөйлей алмайтын баспасөз хатшылары күлкіге қалды

Жарияланған күні:

Оңтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының баспасөз қызметіндегілер Шымкентте пресс-тур ұйымдастырамын деп журналистерге ұнамай қалды деп жазады Корреспондент.

Ұйымдастырушылық жұмыстары ойдағыдай болғанымен, тілшілерге берілетін ақпараттың мемлекеттік тілде жазылмауы олардың шамына тигенге ұқсайды. Бұл туралы жергілікті журналист Нұрмахан Кенжехан әлеуметтік желідегі парақшасында орталыққа деген ашуын жеткізді.

"Шымкентте тұрып қазақша баспасөз мәлімдемесін ала алмайтын жағдайға жеттік. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне (мың алғыс). Орыс тілін жақсы біледі екен. Алайда Қостанайдан келген Алия деген қыз бен Тараздан келген Алмас деген ұлдың қазақ тілінде баспасөз мәлімдемесін жаза алмауы масқара емес пе? Ойланатын жағдай. Аттай қалап алдырған азаматтардың қолынан түк келмесе кім кінәлі? Екі күн бойы пресс-турда да осы жағдай. Қысқасы масқара. Әсіресе Шымкент үшін", - деп ашуға булыққан автор. Журналист жазбасын тағы біраз әріптесі қолдай кетті.

"Кеше мен де талап еткенмін. Неге мемлекеттік тілде дайындамағансыңдар деп. Қайталап сұрай бергенімде әр нәрсені бір айтып, ақтала жөнелді..." деп жазды автордың әріптесі.

Белгілі болғандай, кәсіпкерлерге қызмет орталығындағылардың қазақ тілінде ақпарат таратуды ұмыт қалдыратынына аз уақыт болмапты. Оған жазба астына қалдырылған пікірлерді дәлелге келтіруге болады.

"Шындығында ана тілімізде ақпарат ала алмау қазір үйреншікті жағдай айналып барады... Бұл тіл болашағы үшін өте қауіпті. Менімше орыс тілін білгеннің бəрін білікті деуден арылуымыз керек", "Өз жұмысына салғырт қарап қазақ тіліне мұрын шүйіре қарағанына қарағанда Ресейге жұмысқа тұруға дайындалып жүр ме екен деп қойдым", "Өте орынды. Мемлекеттік тіліміз есіктен сығалап, жетім баланың күйін кешуді озіміз тоқтатпасақ, шалдыр гүлдірлерге бәрібір"деп автор ойына қолдау білдірген.

Тіпті бірі мемлекеттік тілде ақпарат беру қиындық туғызған баспасөз қызметіндегілерге тілді білмесе, жаза алмаса жақсы аудармашыны алуға кеңес берген.

Тағы да оқыңыздар:

Жазғы каникулға шыққан депутаттар шетел асып, теңіз жағасында қыздырынбақ

Бас прокурор 6 адамды қағып, бір жігіттің өліміне себепкер болған Мақсат Үсеновті ақтап шықты

Америкалық жігіт өзінің iPhone-нына үйленіп, шіркеуде некесін қиды

Өз тобында бірде-бір рет жеңбеген Португалия жартылай финалға шықты

Көкшетауда жоғалып кеткен жігіттің денесі бөлшектелген күйінде табылды

АҚШ армиясында 2 жарым мыңнан аса трансгендер қызмет етуде

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1177054-oqo-da-qazaqsha-zhaza-almaytyn-baspasoz/