Қостанайлық күйші саусақ орнына сым байлап күй шертіп жүр
Жарияланған күні:
Қостанай облысында қолынан айырылса да, домбырасын тастамаған дәулескер күйші тұрады. Ол – Аманкелді ауданы, Қарасу ауылының тұрғыны Айтбай Мұздаханов.
Бұл туралы 24 арна хабарлайды.
Өндірістік жарақат алып, оң қолы шынтағынан кесілген дарынды азамат тауқымет көрдім деп жасыған емес. Керісінше, шабытын шыңдай түскен. Айтбай Мұздахановтың шаңырағы мейманнан босаған емес. Бәрі де дәулеткер күйшінің домбырасының үнін тыңдап, өнегелі сөзін естуге құмар.
Тағдыр оның қолын кескенмен, өнердегі жолын кесе алған жоқ. 1977 жылы 36 жасында өндірістік жарақат алған күйші араға 9 жыл салып, саусақ орнына сым жалғап, шығармашылыққа құлшына кірісті.
"Кешегі жоңғарлардың шапқыншылығында Қаратауды мекендеп, көп адам аман қалған екен. Соған байланысты «Елім-ай» деген, «Ару арман» деген, «Қаратау» деген күйлерім жарық көрді. «Бозтайлақ» – жетім қалған балалардың зары туралы күй. Сол сияқты 4-5 бес күй қатар шықты да, 8 күймен «Бабалар үні» деген топтама жаздым", - дейді күйші Айтбай Мұздаханов.
Шалғай ауылдағы өнерпаз ешқашан қоғам өмірінен шет қалған емес. Еліміз Тәуелсіздік алғанда алғашқы өз туындысын тарту етті. Сондай шығарманың бірі –
"Көкейкесті, Айтбайдың сарыны». -1992 жылы дүние жүзі қазақтарының құрылтайы болды ғой. Сонда Нұрғиса ағама кездесіп қалдым. Ол кісі: «Мұны қой, мұнда сенің өзіңнің де зарың бар, «Айтбайдың сарыны» деп тарт» деді",- дейді күйші Айтбай Мұздаханов.
Бүгінде Айтбай Мұздахановтың алпыстан астам күйі, қырыққа тарта әні бар. Олардың бәрі «Бабалар үні» жинағына енген. Туындылары түрлі сахналарда орындалып, шәкірттері байқауларда топ жарып жүр. Бүгіндері Елжанды азамат Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап, «Елім менің» атты шығармасын жазып шықты.
Тағы да оқыңыздар:
Алматы облысында өгей әке кішкентай қыздарын зорламақ болған
Теміртауда белгісіз біреулер Лениннің ескерткішіне оқ атты
Алматыда төсек қатынасы үшін пәтерін жалға беретін жігіттер көбейген
Астанада парамен ұсталған жас шенеунік 12 жылға сотталуы мүмкін
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1206405-qostanaylyq-kuyshi-sausaq-ornyna-sym-b/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.