Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұржан Төлендиев тойға бір апта қалғанда ақшасын көбейтуді талап еткен

Опубликовано:

Тойын басқарту үшін "Алдараспан" театрының директоры, актер Нұржан Төлендиевке 700 мың теңге төлеген той иесі асабаға көңілі толмағанын айтты. Бұл туралы Замана басылымы жазады.

"Әннің де естісі бар, есері бар». Дәл сол сияқты асабаның да түр-түрі болады (естісі де, есері де) екен. Оны біз кешегі сенбіде Шымкент қаласындағы «Екі жұлдыз» салтанат сарайында өткен үйлену тойынан байқап қайттық", - деп жазады мақала авторы.

Қаншама жылдан бері қызмет бабымен өзге қалада тұрып, зейнеткерлікке шыққан соң елге қоныс аударған бір туысымыз ұлын үйлендірді. «Апыр-ай, пәленше елге келіп, ағайын-туыстың басын қосып той жасағалы жатыр екен», «Ойбай, не дейсің, тойына анау-мынау емес, Туканы («Алдараспан» театрының директоры Нұржан Төлендиевті) тамада етіп жалдапты» деген әңгімелер той күні белгіленген сәттен бастап тума-туыстың арасында айтылып жатты. «Құдай қаласа, тойға барамыз, Тука басқарған тойды көріп қайтпаймыз ба?» – дегендер де болды арасында.

"Жұрт той сағынып қалған ба, әлде Тука асабадан ұялды ма, әйтеуір бәрі айтылған уақытта жинала қалды. Қысқасы, көптен күткен той басталды. Жұрттың назары да, бар ынта-ықыласы да танымал асабада. Біз де оның әр айтқан сөзіне мән бере тыңдадық. Бірақ, өкінішке қарай, жұрт қанша айдан бері асыға күткен, ел аузында жүрген асабаның бұл күнгі тойға дайындығы аз болды ма, әлде оның той басқаратын қабілеті осы деңгейде ме, әйтеуір той біз ойлағандай қызық болмады. Дәлірек айтсақ, асаба қызықтыра алмады.

Ә дегеннен нағашы жұртқа сөз кезегін беруге ортаға шыққан Нұржан асаба: «Мына тізімнің бәрін оқуым керек пе? «Нағашылар» деп шақыра берсем қайтеді, а? Общий нағашылар, ортаға келіңіздер!» – деп микрофонмен бүкіл залға айқай салғаны жинал­ған жұртты таң-тамаша етті. Ол ол ма, әлден уақытта билеп жүрген қыздардың соңынан қарап: «Айхай, айхай-ой, мына құстардың біреуін атып алсам қалай болар екен?» – деп, жұртты күлдірмек болды. Бірақ оған жұрт күлмеді", - деп жалғастырды автор.

Мақала авторының жазуынша, асабаның кейбір әзілдері тіпті халықтың шамына тиген.

"Асаба ойын ойнатам деп «свежий» құдаларды ортаға шығарды. Ойын шарты бойынша құдалар бір-біріне шапан жабуы керек екен. Жабылатын шапан – үстеріндегі костюмі. Сол жерде костюм ауысты. Қапсағай денелі құданың киімі шынашақтай құдаға расында шапан боп киіле қалды да, керісінше, кішкентай костюм киген жігіт ағасының тұрысы жұртқа күлкілі көрінді.

Асабаның келесі ойыны тіпті сорақы екен. «Аға, қыз алуға келдіңіз. Енді сонау есіктің алдына барып, төрге дейін атпен шауып келіңіз де, құдамен төс түйістіріңіз», – деді «айды аспанға шығарған» асаба. Шағын денелі кісінің кең костюмі далақтап, балаға ұқсап санын шапалақтап есіктен төрге дейін шауып келгенін елестетіңізші. Асаба мұнысымен қоймай, ат боп шапқан ағасын: «Мынауыңыз ат емес, есек қой, қайта жүгіріңіз», – деп дүйім жұрттың алдында тағы масқара етті", - дейді мақала авторы.

Басылымының жазуынша, Нұржан Төлендиев әу баста сенбі күні болған тойда қызмет көрсеткені үшін 600 мың теңге сұраған екен. Тойға бір апта қалғанда: «Тапсырыс көп, одан да жоғары баға ұсынып жатқандар бар. Сондықтан келіс­сеңіздер, 700 мың беріңіздер, болмаса басқа асаба табыңыздар», – депті. Амал жоқ, ел-жұртқа тойымызды Тука басқарады деп айтып қойған туысымыз 700 мың теңге төлеуге мәжбүр болған. Ал той иесі қонақтарға жақсы әзіл сыйлай алмаған "Тукаға" ренжіп қалғанын айтады.

Тағы оқыңыздар:

Қарсыласын қуып жүріп сабаған Василий Левит небары күміс жүлдегер атанды

Зілтемірші Зайчиков Қазақстан қоржынына 10-шы жүлдені салды

Данияр Елеусінов Рио финалында өзбек боксшысымен кездеседі

Риодағы жанкүйерлер Левиттің қарсыласын құрметтемей, "Қазақстан" деп айғайлады

Жанкүйерлер Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі алдын ала шешіліп қойғанын айтуда

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1221476-tanymal-akter-nurzhan-tolendiev-toy-ba/

pixel