Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада мектептің бір бөлмесі сән салоны болып кеткен (фото)

Опубликовано:

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Жөлек ауылының оқушылары үшін жаңа оқу жылы түсініксіз жағдайда басталды. Енді №152  мектеп–интернаттың шәкірттері жұмыс істеп тұрған сән салонымен бірге бір ғимаратта оқитын болады. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Мемлекеттік мекеме ішінде кәсіпкерлікпен айналысуға мектептің бұрынғы директоры рұқсат бергенге ұқсайды. Қазіргі таңда бұл жағдайға қатысты жауапкершілікті ешкім мойнына алар емес.

Жөлек – Қызылорда қаласына жақын орналасқан ауылдардың бірі. Мұнда халық саны айтарлықтай көп емес. Мектептен бөлек, шопандардың балаларын оқытуға арналған арнайы интернат та бар. Міне, сол интернаттың ғимаратында жұмысын бастаған сән салонның қызметіне көпшілік наразылығын білдіруде.

"Интернат жанынан шаштараз ашып қою түсініксіз жағдай. Ертең ол жерде балалар жүреді. Сән салонына қаншама, неше түрлі адамдар келеді. Әрине, бір ауылға бір шаштараз керек. Бірақ оны мектептің жанынан ашпағандары жөн болар еді", – дейді ауыл тұрғынының бірі.

Сән салонының жұмысымен танысу үшін біз де ішіне бас сұққан болатынбыз. Алақандай жерде кәсібін айналдырып отырған маман бірқатар сұрақтарымызға жауап берді.

"Мұнда келгеніме біраз уақыт бола қойған жоқ. Әзірге ешқандай ақша төлеп отырған жоқпын. Құжаттарым жоқ екенін мойындаймын. Ауыл әкімі осында отырып жұмыс жаса деді", – дейді шаштаразшы Меруерт есімді келіншек.

Ал ауыл әкімі қазір бұл мәселемен айналысып жатқанын айтады.

"Енді біз бір ауылға бір шаштараз керек деп ойладық. Осылайша кәсіпкерлікке қолдау жасағымыз келген. Әлі заңдастырмағанымыз рас. Құжаттарын енді дайындаймыз", -дейді  Бегімтай Сатаев.

Әзірге, шаштараз жұмысын тоқта ма, жоқ па белгісіз.

Тағы оқыңыздар:

Лилия Рах пен сыбайластары 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін

Алматыда қоқыс жәшігінен ер адамның кесілген басы табылды (фото, 18+)

Жігіттер неге отау құрмай «жүріп» алады?

Сенатор Сұлтанов қазақтардың өз мемлекеті болмады деп айды аспаннан бір-ақ шығарды

Исекешев Астана Автокөлік жолдары басқармасының басшысын кептеліс үшін жұмысынан қуып жіберді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1243920-qyzylordada-mekteptinh-bir-bolmesi-sa/

pixel