Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық жігіттер пәктігін жоғалтқан аруларға қалай қарайды? (фото)

Опубликовано:

Алматылық бойдақ жігіттердің жар таңдауда бірінші кезекте қыздың пәктігіне аса мән беретіні анықталды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Портал жүргізген әлеуметтік сауалнамаға 18-33 жастағы 100 ер азамат қатысты. Сауалнама нәтижесіне сай, олардың 90 пайызына жуығы қыздың арының тазалығына қарайтыны белгілі болды.

Дәлірек айтқанда, 85 жігітке қыздың ары таза, пәк болғаны өте маңызды.

9 жігіт үшін қыздың пәктігі аса маңызды емес, бірақ, мейлінше таза болып келгені дұрыс деп есептейді.

Ал, қалған 6 адамнан «маған бәрібір», «қыздығына қарамаймын», «маңызды емес» деген жауаптар алынды.

1-курс студенті Акрам қыздың пәктігі жөнінде ойға түйгендерімен бөлісті.

«Менің бір жерден оқығаным бар: қызбен ең бірінші жақындасқан еркектің қылықтары әлгі әйелдің басқа жігіттен туатын балаларына беріледі екен. Егер бірінші жолаған жігіті нашаға, ішімдікке әуес болса, болашақ ұрпағы да сондай болмақ», - деп сенеді студент.

Жігіттердің айтуынша «қыз емес» бойжеткендерді ажырату қиын емес. Олар қыздардың қылықтарынан, сөйлеген сөздерінен пәктігін жоғалтқандықтары білініп тұрады дейді.

«Ар-ұяты бар қыздар кешке көп шықпайды, отырыстарда таңға дейін отырмайды.  Ал жеңілтек қыздар кейін жар болып жарытпайды», - дейді Азамат.

Сауалнамаға қатысқан Ерасыл қыздың таза - таза емес екендігін өзінен тікелей сұрайтынын жасырмады.

«Онда тұрған ештеңе жоқ, өйткені мен үшін ол маңызды», - дейді ол.

Сондай-ақ, жігіттер қыздың бойында өздері жоғары бағалайтын қасиеттерді атады. Олар: адалдық, ашық мінез, мейірімділік, сыпайылық, қарапайымдылық.

Жігіттер қызды айналасы алты айдың ішінде танып-біле аламыз деп отыр.

Сауалнамаға қатысқан ер адамдардың барлығы жар таңдауда қыздың ата-анасының әлеуметтік жағдайына да, қыздың қалтасына да  қарамайтын болып шықты.

Бойдақ жігіттер бір ауыздан 25-27 жаста отбасын құрып, отау тігуге дайын екендіктерін айтты.

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар NUR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакциямен байланысу қажет.

Тағы оқыңыздар:

Балаларын жақтаған ақтөбелік ата-ана мұғалімді "екіге оқығансың" деп сөккен

Теміртауда осыдан екі ай бұрын жоғалып кеткен ер адамның мәйті табылды

Үндістанда діни рәсім кезінде 24 адам бірін-бірі таптап өлтірді

Қырғызстандық әке кәмелетке толмаған екі қызын бір күнде күйеуге беріп жіберді

ОҚО тұрғыны айдаһардың жұмыртқасын тауып алды (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1284064-almatylyq-zhigitter-paktigin-zhoghaltq/

pixel