Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық жастар Gucci-дің сөмкесін ұстап, Дубайдан киім сатып алады (фото)

Опубликовано:

Сәнді әрі стильді болып көріну үшін қымбат киім алып кию керек пе?  Неліктен жастар «қымбат болып көрінгісі» келеді? Алматыдағы сауда ойын-сауық орталықтарында жүрген кездейсоқ қала тұрғындары үстіне киген киімдерінің бағасын жасырмай айтып берді.

Портал тілшілері қаланың төменгі бөлігінде орналасқан сауда орталықтарынан ерекше киінген жүргіншілерді кездестіре алған жоқ. Қаланың қарбалас өміріне лайықты деп шешсе керек, джинсы киген арулардан көз сүрінеді. Күннің суығына қарамастан жыртық шалбар киген жастар өте көп. Сәнқойлар бізге қаланың жоғарғы бөлігінен жиі ұшырасты.

Назбану үстіндегі жеңіл жейдесін осыдан бес жыл бұрын 7 мың теңгеге алыпты. «Өзім сүйетін киімдерімді күтіп киемін», - дейді бойжеткен. Аксессуар ретінде таққан әйнексіз көзілдірігін Кореядан тапсырыспен алғызған. «Ал, сөмкенің бағасы 200 доллар, оны Дубайға демалысқа барғанда сатып алдым. Материалы – канвас. Мыжылмайды, жуылады, өте ыңғайлы. Теріден қарағанда осындай сөмкені ұнатамын. Аяқ киімім – 36 мың теңге тұрады», - дейді Назбану.

Азиз бала күнінен сәнді киінгенді ұнатады екен. «Үстімдегі ең қымбат киім – шалбар, 24 мың теңге тұрады. Ал жейдені 16 мың теңгеге сатып алдым. Кроссовканың құны - 14 мың теңге. Мойныма таққа күміс алқа 8 мың тұрады», - дейді ол.

Хаканның Стамбулдан келгеніне 9 жылдан асып барады. Ол көбінесе өз еліне барып киініп келеді екен. Мысалы үстіне киген кеудешесін Стамбулдан 15 мыңға сатып алған. Ал қазір сәнге айналған жыртық шалбары 12 мың теңге тұрады. Етікті Алматыдан 40 мың теңгеге алыпты.

Борис үшін үстіндегі ең қымбатқа түскен киімі – пальто. Оның бағасы – 25 мың теңге. Джинсы шалбарды 15 мың теңгеге, жейдені 9 мың теңгеге сатып алған. Ал аяқ киімі – 15 мың теңге тұрады.

Сауда ойын-сауық орталығында кішкене ұлымен серуендеп, сауда жасап жүрген Зере жабық әрі сәнді киінудің үлгісін көрсетіп жүр. Оның осы тұрысында ең қымбат дүние – қол сөмкесі болып шықты.

«Нақты бағасын айта алмаймын, әйгілі Gucci сән үйінің сөмкесі ғой. Өзіңіз білетін шығарсыз. Өте қымбат тұрады», - деп сөмкенің дәл қанша тұратынын бізбен бөліскісі келмеді.

Айта кету керек, интернет-дүкендерде брендті сөмкелердің бағасы 1500-2000 доллардан басталады.

«Ал пальтоны маған ата-анам сыйлады. Жейдені жолдасым Лондоннан алып келді, бағасын білмеймін. Белдемшені құрбым сыйлады» - дейді Зере. Аяқ киім теңгеге шаққанда 40 мың теңге тұрады екен. Шарф 4 мың теңгеге сатылып алынған.

Мөлдір есімді бойжеткен үстіндегі түлкі терісінен жасалған тонын 150 мың теңгеге алыпты. Сөмкесі – 10 мың, аяқ киімі – 25 мың, джинсы шалбары – 10 мың теңгенің маңайында.

«Мен танымал әнші, рэперлер, киноактерлерге еліктеймін. Актерлердің ішінде Брэд Питтің стилін, әнші Дрейктің стилін үлгі тұтамын», - 14 жастағы Ильяс. Оның аяқ киімі – 50 мың теңге, джинсы – 25 мың теңге тұрады. Үстіне киген кеудешесін Америкадан осыдан екі-үш жыл бұрын 500 долларға сатып алған екен.

 

Тағы да оқыңыздар:

Асанәлі Әшімов: Экран алдында бес минут бойы сүйістіріп қоюды доғару керек

Таразда зейнетке шығуына небәрі 5 ай қалған прапорщик атылып өлді

Қарағандыда жойқын жарылыс жасамақ болған лаңкестерге әйелдері шаң жуытпай отыр

Науқас бойжеткен өмірін құтқарған бейтаныс жігітке тұрмысқа шықты

Тәжік олигархының қызы тойына 212 млн теңгелік көйлек киіп шықты (фото, видео)

Хэллоуин мерекесінде жалаңаш жарысқан байкерлер жаға ұстатты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1300495-almatylyq-zhastar-gucci-dinh-somkesin-ustap/

pixel