Күйеуінің таяғына шыдай алмай ажырасып кеткен әйел алты баласына нан таба алмай отыр
Жарияланған күні:
Қызылордалық көпбалалы ана Лаура Нұрғалиева қайырымды жандардан көмек сұрап отыр. Оның алты баласы ішерге ас, киерге киім таппай отыр.
Жалғызбасты ана күйеуі таяқтың астына ала берген соң, онымен ажырасып кеткен. Қазір қарызының салдарынан бір пәтерден екінші пәтерге көшіп жүруге мәжбүр деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап NUR.KZ.
Балалардың не аяқ киімі, не киерге киімі, не әкесі жоқ. Әкесі анасымен ажырасқаннан кейін хабарсыз кеткен. Жағдайы төмен отбасының тек басынан асып жатқан қарызы мен қаңырап тұрған тоңазытқышы бар.
Үміт қайырымды жандардың көмегінде болып отыр. Сондықтан ана "Бірінші арна" қоғамдық қабылдау бөліміне хабарласып, өз басына түскен жағдайды айтқан.
Лаураның айтуынша, алты баласының екеуі мүгедек. Балаларының бірі мүгедек екенін растайтын құжатты рәсімдеу үшін ол банктен несие алған.
"Мен 46 мың алатынмын, төлемді кешіктірген кезде менің жалақым түсетін шотымды банк тоқтатып қойды. Менің қазір тіпті, нан алуға ақшам жоқ", - дейді Лаура Нұрғалиева.
Қарызын төлмеген әйелді пәтер қожайындары да үйінен қуып шыққан. Нанға ақша таба алмай отырған әйел пәтер ақысын төлемегеніне 3 ай болған.
Несиесін төлемегеннен кейін банк қызметкерлері де әйелдің жұмысына келіп жанжал шығарған. Осыдан кейін көпбалалы ана мектептегі еден жуушы қызметінен айырылып қалған.
Қазір жұмыссыз алты баланың анасы тек қайырымды жандарға үміт артып отыр.
Лаура Нұрғалиеваға көмектесем деген жандар үшін байланыс нөмері: 8-778-648-20-79.
Тағы оқыңыздар:
Мұхамеджан Тазабек Мекемтас Мырзахметовке жауап берді
Бердібек Сапарбаев бес жасында жетім қалған қызға 2 бөлмелі пәтер алып берді (фото)
Шымкенттегі ірі базардың қожайыны облыстық мәслихаттың хатшысы болып сайланды
Ерке Есмахан өзінің оқырмандарынан қол жайып ақша сұрады (фото)
Алматыда мейірімді жандар қар тазалаған жұмысшыларға тегін тамақ таратты
Танымал актриса алғаш рет ана атанды (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1323322-kuyeuininh-tayaghyna-shyday-almay-azhyras/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.