Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық азамат 65 мың доллар мен 2 млн теңге тауып алып, иесіне қайтарып берген (видео)

Опубликовано:

Алматы қаласында телеарналардың бірінде оператор болып жұмыс істейтін 4 баланың әкесі Әбен Нарынбаев 65 мың доллар мен 2 млн теңге тауып алып, иесіне қайтарып берген. Бұл туралы азамат "Айтуға оңай" бағдарламасында айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Әбеннің айтуынша, жұмысқа кетіп бара жатып, жол бойынан такси тоқтап тұрған ер мен әйел адамды байқап қалады. Оператор жолаушыларды көлігіне отырғызып, айтқан жеріне дейін апарып тастауға келіседі.

«Жолда ерлі-зайыпты такси тоқтатты. Олар жол бойы бір-бірімен ұрсысып отырды. Мен олардан ертерек құтылғым келді", - деген Әбен Нарынбаев олар қолындағы ақшаға толы сөмкелерін оның көлігінде қалдырып кеткенін айтады.

"Жолаушыларды түсіріп, өз жөніммен кете бергенде,  телефон шылдыр ете түсті. Мен  жаңағы кісілер телефонын қалдырып кеткен екен деп тойладым. Көлігімнің артына қарасам, орындықта сөмке жатыр. Тоқтап, сөмкені ашып қарасам, бірінші қолым түскені екі миллион теңге, ал оның астында долларлар жатыр", - деген азамат қомақты сома тауып алғанда түрлі ойлар келгенін жасырмайды.

Алайда сол сәтте ойламаған жерден анасы хабарласып қалып, ер адам анасына болған жайды бұқпасыз баяндайды. Ал анасы бірден ұлына ақылын айтып, сол адамдарды тауып алып қаржысын өздеріне қайтаруын талап етеді.

Әбен анасының айтқанын орындап, жоқ іздеген жандарды тауып, ақшасын апарып береді. Ал қомақты соманың иелері оператор жігітке рақметін айтып, 1000 теңге ұстатып, кетіп қалады. Алайда ер адамның жақсылығын түсінген қомақты қаржының иелері Әбенге қайта қоңырау шалып, болған жайды түсіндіріп, сыйақы ретінде 50000 мың теңге ұсынған.

Тағы да оқыңыздар: 

Қазақстандық келіншектер перзентхана қызметкерлерінің араны ашылғанын айтып дабыл қақты

Мемлекеттік кіріс комитетінің қызметкері мен ұлы пара алғаны үшін ұсталды

Балуан "Найман": Маған уақытша тіркелу мәселесімен келетіндерді жер жастандырамын

Астанада жартылай жалаңаш қыздар іш киіммен сауда орталығын аралады (фото)

Мектеп оқушысын соққыға жыққан әйелдің видеосы желіде тарап кетті (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1369035-almatylyq-azamat-65000-mynh-dollar-men-2-mln-t/

pixel