Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі аяғы мен бір қолынан айырылған ақтөбелік мүгедек жан өлместің күнін кешіп отыр (фото)

Опубликовано:

Ақтөбе қаласының еріктілері қайырымды жандардан бірінші топ мүгедегіне көмек сұрайды. Владимир Кулинский өткен жылдан бері айықпас дертке шалдыққан. Жатақхананың аядай бір бөлмесіне тығылған отбасы өлместің күнін кешіп отыр деп хабарлайды NUR.KZ.

«Жағдайымыздың қандай екені көрініп тұр. Үйде айналатын жер жоқ, бұл тек терезенің алдында ғана отырады. Жолдасымды жуындыру кезінде де қиналып қалам. Жатақхананың барлық тұрғындарына ортақ жуыну бөлмесіне апарып, еденге су құйып, денесін сүртіп аламын. Балаға, жолдасымның мүгедектігін есептегенде барлығы 43 мың теңгедей түседі. Күніміз осы ақшаға қарап отыр. Өзім жұмыссызбын, Владимирдің емінен жырып, осы ақшаға тамақ аламын. Жатақхана бөлмесі де өзімізге тиесілі емес. Бұл үй менің туысқанымның үйі, тек коммуналдық қызметке ғана төлеп отырмыз. Жергілікті билік өкілдерінен баспана берсе екен деген тілегіміз бар», - дейді әйелі Айнұр Кулинская.

Әйелі осыған дейін жүк көліктерін айдап, далада түнеп қалып жүрген жолдасына дерттің салқын тигеннен болуы мүмкін екенін айтады. Бірінші топ мүгедегі қазақ қызына үйленген. 10 және 12 жастағы екі баласы бар. Олар жатақхананың үшінші қабатында тұрады. Пәтерде мүгедек адам үшін жағдай жоқ. Аядай бір бөлмеде төрт адам тұрып жатыр. Басқа жатақхана тұрғындарымен ортақ дәретхана мен жуыну бөлмесін пайдаланады.

«Өткен жылы жаз айында бойымда қан ұю басталып, дәрігерлер бір аяғымды кесіп тастады. Одан кейін бойымдағы ұйыған қан тарамай екінші аяғымды кесуге тура келді. Кейін жансыздану қолыма жетіп, оны да кестіруге мәжбүр болдым. Бойымды деңдеген дерттен екі аяқ, бір қолым кесілді. Қазір жалғыз қалған қолым да сыр беріп жүр. Оң қолым ұйып, мазамды алып жүр. Дәрігерлер ауруханаға жатуға кеңес берді. Бүгіннен бастап ем қабылдаймын. Балаларым үшін, денсаулығым үшін алаңдаймын. Қайырымды жандардан көмек болса дейміз», - дейді Владимир Кулинский.

Мүгедек азамат жатақханада тұрудың қиындығын айтады. Ол тек үйіне келген қайырымды адамдардың көмегімен ғана сыртқа шығады. Қалған уақытын терезеге телмірумен өткізеді. Оның отбасына бас сұққан ақтөбелік жастар көптен көмек сұрайды.

«Оның тағдырына біз бей жай қарай алған жоқпыз. Ол адам терезеден қарап отырғанына шүкіршілік етеді. Қазір облыс әкімі мұқтаж адамдарға көмек көрсетуден ешқашан шет қалып жүрген жоқ. Осындай көмекке мұқтаж адамдарды қамқорлыққа алса деген тілегіміз бар. Ақтөбедегі ерікті жастар қаржыларын жинап, отбасыға азық-түлік жеткізіп бердік. Отағасы еңбекке жарамсыз болып қалған отбасына билік жәрдем етсе екен дейміз», - дейді «Қайырымды жандар» еріктілер тобының мүшесі Әсем Жұмабаева.

Владимир Кулинский байланысу нөмері: 8705 338 49 64

Тағы оқыңыздар:

Атырауда қаңғыбас иттер талап тастаған бала клиникалық өлімді бастан кешірген

Алматыда хакерлер банк тұтынушысының шотынан 155 млн теңгені ұрлап кетті

Бесіктің арқасында аман қалған шымкенттік сәбиді үйінді астынан қалай алып шыққан? (видео)

Қарағанды облысында аспаннан "Алла" мағынасын беретін жазба көрінді (фото)

Әлемнің үздік ойыншысы атанған Роналду жаңа сүйіктісін көрсетті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1371225-bir-ayaghynan-ayyrylghan-birinshi-top-mug/

pixel