Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Салмағы 600 грамм болып туылған шақалақ адам қатарына қалай қосылды? (фото)

Опубликовано:

Бүгінде ақпараттық дәуір кезеңінде адамзатты тамсандырып, таң қалдыратын дүние жоқ дерсіз. Бірақ 10 жастағы Ай-Ананың бұл өмірге келуінің өзі таңғажайып құбылыс іспеттес. Бүгінгі NUR.KZ кейіпкері - салмағы 600 грамм, бойы 35 сантиметр болып туған Ай-Ана Жарылқасын.

Ай-Аана Алматы облысы Іле ауданы Жетіген ауылында тұрады.

Осыдан тура он жыл бұрын, 2006 жылдың 1 желтоқсанында аяғы ауыр Ай-Ананың анасы аяқ астынан ауруханаға түседі. Құрсағындағы баласын көтергеніне жаңадан 31 апта ғана толған келіншектің тыныс алуы нашарлап, есінен танған күйі жансақтау бөлімінен бір-ақ шығады.

Бүгінде қаршадай қызын ұзақ уақыт бойы адам қалпына қосқанша дамыл таппаған ана Жазира Исаева сол күндерді көзіне жас алып есіне алады. Ол баланың қалай өмірге келгенін айтып берді.

"31-аптадан 32-аптаға бара жатқан. Қатты ісініп кеткем, дәрігерлер менің жағдайым нашарлап бара жатқан соң, баланы алмаса болмайды деп шешті. Ол кезде ешкім баланы ойлаған жоқ. Тек мені аман алып қалуға бар күшін салды. Себебі өзім жансақтау бөлімінде жаттым. Бала іштей өспей қалған деді", - дейді Жазира.

Осылайша, әлі ай-күні толмаған келіншектің баласын кесарь тілігі арқылы алған.

"Дәрігерлер баланы алып, оны бөлек жерге апарып қойыпты. Оны олар тек эмбрион деп қабылдаған ғой. Бала ары қарай тыныс алып, өмір сүріп кетеді деп ойламаған, ондай жағдай да бұрын-соңды болмаған.

Бір кезде шақалақ өзінен өзі дыбыс шығарып, жылағандай болыпты. Дәрігер тез арада оны орап, вакууммге апарып жатқызыпты. Сонда кәдімгідей тыныс алып жатыпты", - дейді ол.

Бастапқыда адамға ұқсамайтын бұл шақалақ екі ай бойы анасымен бірге перзентханада жатқан. Әлі дами қоймаған қызын адам қатарына қосу үшін айлар өткен.

Бір қызығы, сәбидің барлық жері аман, тек қана ішкі ағзалары ғана даму үстінде болған екен.

"Кәдімгі қуыршақтың шұлығын кигізетінбіз. Жаялықтың үштен бір бөлігін үшбұрыштап бүктеп соған орайтынбыз. Қуыршақ десе қуыршақ болды. Оны ұстауға ешкімнің жүрегі дауаламайтын. Ыдыс жуатын кішкентай тегешке жуындыратынбыз. Жаңа туған балалар киетін жөргекті бұл жеті-сегіз айына дейін киді. Киімдері де сондай" - дейді ана.

"Атын бастапқыдар Қарақат деп қойдық. Бірақ бала күннен күнге нашарлап бара жатты. Содан аян беріп, баланың атын "Ай-Ана" деп өзгерттік", - деген ана баланың есімі де оның өмірінде маңызды рөл ойнайтынына сенімді.

"Бес айында жаңадан туған сәбидей, бір жарым жасында 6 айлық бала сияқты болды. Мен жатқан перзентханада тағы бір баланың салмағы кішкентай - 1200 грамм болды. Оны естіп, 31 арна журналистері келіп түсіріп кеткені есімде. Журналистер кете сала, ол бала күрт ауырып, ары қарай өмір сүрмеді. Бала ғой, көтере алмады періште", - дейді Ай-Ананың анасы.

Анасының айтуынша, жетілмеген баланы тамақтандыру да оңайға түспеген. Кәдімгі медициналық пипеткамен өлшеп тұрып 3 сағат сайын 1 грамм жасанды сүт беріп отырған екен.

"Сонда әлсіз бала 1 грамм сүткен тойып қалатын ғой, сенесіздер ме?", - деп таң қалады ана.

Бүгінде 10 жастағы Ай-Ана 3-сыныпта оқиды. Өзінің қатарластарынан 2 сыныпқа кейін оқитын қызы анасы мектепке әдейілеп кештетіп берген екен.

"Аядым, өзі шала туған, шала болғанда да тым кішкентай ғой салмағы", - деген анасы қызының айрықша қабілеті бар екенін айтады.

"Өлеңді өте тез жаттайды, жаттағанда да, үйден жаттап бармайды арнайы. Сол жақтан бір баланың айтып жатқанын көреді де, автоматты түрде жаттап алады. Мазмұндағанда да сондай. Үйден оқымай кеткен бала мектепте бір тыңдап алады да, тез арада айтып бере қояды. Оның есте сақтау қабілеті мықты", - деп айтып берді анасы.

Тағы оқыңыздар:

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Швецияны ойсырата жеңді (фото)

Үйінен миллион доллар ұрлатқан қарағандылық ректор қыруар ақшаны қайдан алғанын айтты

"Chanel" империясының мұрагеріне перзент сыйлаған қазақ қызы кім? (фото)

Витастың продюсері Димаш Құдайбергеннің үстінен арызданды

Теміртауда 7 сыныптың оқушысы өлер алдындағы хатын қарға жазып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1394548-salmaghy-600-gramm-bolyp-tuylghan-shaqalaq/

pixel