Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерте қартайған Нұржан Өркешбаевтың айдай сұлу келіншегі кім? (фото)

Опубликовано:

Ерте қартайған жігіт Нұржан Өркешбаевтың тағдыры қалың көпшілікті көптен бері толғандырады. 2015 жылдың күзінде өзінің үйлену тойын дүркіретіп жасаған Нұржанның айдай сұлу келіншегі кім? NUR.KZ порталы Нұржанның жан жарымен түскен суреттерін ұсынады.

Ерте қартайған Нұржан Өркешбаев 4 жасынан бастап сирек кездесетін «прогерия» ауруына шалдыққан.

Оның өте сирек кездесетін дертке шалдыққанын білген отандық және шетел дәрігерлер оған қызығушылық таныта бастады

Нұржан осыдан бірер жыл бұрын Германияға барып, пластикалық ота жасатып келген.

Ал 2015 жылдың күзінде Нұржан өзінің үйленетінін мәлімдеп, жалпақ дүниеге жар салды.

Ерте қартайған жігітке тұрмысқа шыққан арудың кім екенін білгісі келгендер көп болды. Көп ұзамай желіде олардың тойында түскен суреттері жария етілді.

Ол жан жары ретінде Әсемгүл есімді бойжеткенді таңдаған. Оның қалыңдығының сұлулығына елдер таңғалып, таңдай қақты.

Нұржанның өзі келіншегін БАҚ өкілдеріне көрсеткісі келмеген. Дегенмен, оның айдай сұлу жары ел назарынан тыс қалған жоқ.

Нұржанның тойы туралы еліміздің және ресейлік БАҚ жарыса жазды. Оның тілеуін тілеген қараша халық жастарға бақыт тілеп, ақ батасын жаудырған болатын.

Бұған дейін ресей тележүргізушісі Андрей Малахов оның тойына баратынын айтып, Нұржанға уәде берген екен. Алайда үйлену тойына ат басын бұрмаған Малахов оған арнайы сыйын беріп жіберіпті.

Бүгінде Нұржан Өркешбаев тойларға шығып, ән айтады.

Оның айрықша дауысын тыңдармандары ұнатып, Нұржанға әншілікке бет бұруды да ұсынып жатады екен.

Оның желідегі парақшасынан әншінің келіншегімен бірге түскен суреттерін таппайсың. Бірақ, есесіне ол тойда, достарымен, түсірілім кезінде түскен суреттерін көптеп жариялап отырады.

Тағы да оқыңыздар:

Баян Есентаева Тұрсынғали Алагөзовпен қалай танысқанын айтып берді

Димаштың қытайлық жанкүйерлері Абайдың өлеңдерін жаппай жаттауға көшті

ОҚО басшылары 150 мың ЭКСПО билетін халыққа өткізу туралы бұйрық алды

Универсиадаға Қытай атынан қазақтың конькиші жігіті қатысып жатыр

Витастың продюсері Димашты арзанқол пираттық өнімге теңеді

Атырауда жұмыс барысында ұйықтап кеткен жол полицейлері күлкіге қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1396204-erte-qartayghan-nurzhan-orkeshbaevtynh/