Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттің бас ұстазы мектепте жүріп жүкті болған қыздардың ата-анасын сыбап тастады

Опубликовано:

Шымкент қалалық  білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева балаларына бас-көз болмайтын ата-аналарды сыбап тастады. Басшының айтуынша, бар міндетті мұғалімдерге артып қоятын ата-аналар бала тәрбиесіне мән беруден қалған.

Бұл туралы Рейтинг газеті  хабарлайды.

"Бала мектепте 6 сағат болады. Қалған уақытты мектептен тыс жерде өткізеді. Көптеген ата-аналар баласына бірдеңе болып қалса болды, бірден мұғалімді кінәлап шыға келеді. Мұғалімге жазықсыз жала жапқан талай ата-ананы көрдім. Ұстаздың ең басты міндеті – білім беру. Осыны түсінсеңіздер екен. Қазір көптеген ата-аналар өз балаларының не істеп жүргендерін білмейді. Мысалы, жақында ғана, нақтырақ айтсам, желтоқсан айында қалада 10 қыз төбелесті. Екі тарап болып. Біз осы мәселені қарап едік, ең соңы ата-аналар өз қыздарын қорғап, бізге кінә артып шыға келді. Біз олардан қыздарыңыздын мектептен тыс уақытта не істеп жүргенін білесіздер ме деп сұрап едік, көбісі білмейтін болып шықты. Бірі үйірмеге кетті, енді бірі құрбысына кетті десе, біреулері білмеймін деп жауап берді. Қыздар төбелесіп жүр!.. Бұл өте өкінішті", - деді Жанат Арысбекқызы.

Сондай-ақ,  басшы мектепте жүріп жүкті болатын қыздарды да атап өтті.

"Қызға қырық үйден тиым салу керек қой. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ жүкті болып үлгеретін 16-17 жасар қыздар кездесіп жатады. Түбінде, мұның обалы – ата-анаға. Ата-ана өз қыздарын қатаң қадағалау керек. Қызының тәрбиесіне жауапсыздық танытпағаны жөн. Көптеген ата-аналар балаларының көзінше үйде болсын, отырыстарда болсын, спирттік ішімдіктер ішіп, аузына келгенін айтып, балағаттап жатады. Мұны көрген бала қандай күйде болады?", - деді басшы.

Еске сала кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысы кәмелетке толмаған қыздардың жүкті болуы көрсеткіші бойынша елімізде көш бастап тұр.

Тағы оқыңыздар:

Әблязовтің сыбайласы болған танымал журналист ұсталды (видео)

Серік Ахметовтің ісі бойынша сотталғандардың бірі бостандыққа шықты

Танымал актриса елден көмек сұраған сегіз баланың анасын сөгіп тастады (фото)

Қазақ қыздары туралы бар шындықты жайып салған жігіт сынның астында қалды (видео)

Димаш Қытайдағы танымал адамдар рейтінгісінде көш бастап тұр (фото)

Ресейдің жойғыш ұшағы Сириядағы түрік әскерилерінің ғимаратын жарып жіберді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1405253-oqo-nynh-bas-ustazy-mektepte-zhurip-zhukt/

pixel