Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал математик ментальді арифметиканың ғылымға жолай алмайтынын айтты

Жарияланған күні:

Танымал академик Асқар Жұмаділдаев бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде ашылып жатқан ментальді арифметика мектептеріне қатысты өз ойын бөлісіп, оның балаға ешқандай пайдасы жоқ екенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Асқар Жұмаділдаевтың осыған қатысты пікірін журналист Самат Сүлей Facebook желісіндегі парақшасында жария етті.

Математиктің айтуынша, ментальді арифметиканың бала үшін ешқандай қажеті жоқ.

"Дүниеде пайдасыз нәрсе көп қой. Мысалы темекі. Ол пайдалы ма? Жоқ, бірақ бәрі тартады. Менталды арифметика пайдалы ма? Жоқ. Ол да темекі сияқты керек емес өнердің біреуі. Дәлірек айтсақ, бұрын болған өнер. Бұдан жүз жыл бұрын ешқандай компьютер, калькулятор болмаған.

Сол кезде жапондар мен қытайлардың ойлап тапқан өнері. Онда екі таңбалы санды екі таңбалы санға көбейтеді. Сіз оны бір минут көбейтесіз, ол отыз секунд. Ал не болыпты? Оны калькулятормен есептей салған оңай емес пе? Бас сол ақымақ есепті шығару үшін керек пе? Бас тірлік жасау үшін керек. Ал мұндай есеппен кім тірлік жасай алады?", - деді академик.

Сонымен бірге, ол миды дамыту үшін баланы қандай өнер түріне беру керек екенін де айтып берді.

"Ал миды дамыту үшін ең керемет өнер – скрипка. Эмоцияға да, өзіңе де пайдалы. Шаршағаның басылады. Ал мына менталды арифметика деп жүргендерінің 15 деңгейі бар екен. Оны он жыл оқиды. Бұл біреудің Америкадан алып келген франшизасы", - деді ол.

Сонымен бірге академик жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай көптеп ашылып жатқан ментальді арифметика мектептерінің қызметін "пирамида" деп атаған.

"Мұғалімдерінің жалақысын 50 мың теңгеден бастайды. Ебін тапсаң, көбейтіп аласың. Пирамида сияқты. Үстіндегісі ұтады, қалғаны ұтылады. Мұны үйрету үшін математик болудың қажеті жоқ. Екі-үш рет көрсең, өзің де үйреніп аласың. Сосын жүреді он жыл бойы. Бір деңгейі бәленбай мың теңге тұрады. Адам да ақымақ емес қой. «Әй, мен он жыл оқығанда осыдан не ұттым?” деп ойлауы керек.

Үш таңбалы санды үш таңбалы санға көбейттің. Оның не керегі бар? Мысалы, циркке барсаңыз, біреу мұрнына бұранда тығады. Сол өнер ме? Цирк үшін өнер шығар, бірақ пайдасы қанша? Оны көру үшін адамдар ақша төлеп келеді. Болды. Ақша табудың жолы. Мынау да сол сияқты. Көшеге шығып саусақтарыңмен бүйтіп-бүйтіп (қолымен көрсетті) тез-тез есептеп бересің. Ол өнер емес. Ол – цирк. Ғылымның маңайына да жоламайды", - деп ойын түйіндеді Асқар Жұмаділдаев.

Тағы оқыңыздар:

Көпшіліктің жүрегін елжіреткен атыраулық ғашықтардың махаббат хикаясы

Көліктің жанында жалаңаштанған бойжеткен бар шындықты жайып салды 

Әулие Валентин күнін алматылық жастар қалай атап өтеді? (фото)

Астана халқы Қозы-Көрпеш Жаңбыршинмен қоштасып жатыр

Отандық жұлдыздардың хан сарайындай зәулім үйлері

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1408621-tanymal-matematik-mentaldi-arifmet/