jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
АС
Акырыс Сейтказы
Бұрынғы қызметкер

Оңтүстіктің жігіттері шетелдік қыздарға көп үйленетін болып шықты (фото)

: UGC

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Оңтүстік Қазақстан облысы азаматтары көбіне шетелдік қыздарға үйленеді.  Ұлттық экономика министрлігінің  жауабында, 2016 жылдың қаңтар мен қараша айларында қазақстандық 2154 қыз бен 3112 ер адам шетелдік азаматтармен некеге отырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өзге елдің азаматшаларымен көбіне ОҚО-лықтар некелескен. Аталған аймақтың 658 азаматы өзге елдің қызын жар еткен. Мысалы, сондай отбасының бірі түркістандық Күлсановтар жанұясы. Тәжікстаннан келген Муниса Қ. Ясауи атындағы қазақ-түрік университетіне 2014 жылы оқуға түседі. Оның жары Қайрат сол кезде өз бизнесін енді бастаған кезі болатын. Ол студент қызды көріп, онымен танысады.

«Танысқаннан бастап біз айырылмауға бекіндік. 2 жылдан кейін тойымызды өткіздік. Той екі қалада Душанбе және Түркістанда болды. Қазақ, тәжіктің дәстүрінде, ұлттық тағамдарында бір ұқсастықтар бар дер едім. Тойымыз жақсы өтіп, барлығы риза болды», - деді Муниса.

Қазір жастар Түркістан қаласында тұрады. Муниса оқуын жалғастырып жатса, Қайрат өз ісімен айналысып келеді. Жас отбасы қазақ-тәжік дәстүрін бірдей ұстап, болашақта 5 балалы болуды армандайды.

Сондай-ақ, Алматы мен Астананың қыздары шетелдіктерге көбірек тұрмысқа шығады. Өткен жылы Алматыдан - 510, Астанадан 260 қыз шетелдікпен некеге тұрған. Мысалы, алматылық Жанна Байзрахманова-Бриеде әлеуметтік желі арқылы 2014 жылы Мартин Бриедис деген латышпен отасып, қазір Лондонда тұрады.

Тағы оқыңыздар:

Көпшіліктің жүрегін елжіреткен атыраулық ғашықтардың махаббат хикаясы (фото)

Бақытжан Сағынтаев қыруар қаржыны игере алмаған әкімдерді сөгіп тастады

Ерке Есмаханның студенттік кездегі суреті жұртты шошытты (фото)

Көліктің жанында эротикалық фотосессия жасаған ару бар шындықты жайып салды (фото)

Әлемдегі ең қанішер әйелдер туралы не білеміз?

Оңтүстіктің жігіттері шетелдік қыздарға көп үйленетін болып шықты (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.