Астанада дөкейдің балалары тәртіп сақшыларын адам құрлы көрмеді (фото)
Жарияланған күні:
26 ақпан күні Астананың Сарыарқа ауданында полицейлерге қыр көрсеткен дөкейлердің балалары жұрттың ашуына тиді. Мамандар бұл жайтқа қатысты пікір білдіріп, даңдайсыған жастарды көпшілік алдында жазаға тарту керектігін айтуда. Бұл туралы NUR.KZ порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жас жігіттер түннің бір уағында ел тыныштығын бұзып, шу шығарған. Кей мәліметтерге сәйкес, олар - Астанадағы белді тұлғалардың балалары. Полицейлерге бағынбай, қыр көрсетіп, кейін, тіпті ізін жасырмақ болған жастар ақыры Сарыарқа аудандық ІІБ-не жеткізілді.
Заңгер Юрий Юрин бұл жайтқа қатысты пікір білдіріп, ақшамен бәрін шешуге болатынына сенімді жастарды жақсылап тұрып жазалау керектігін алға тартты.
«Белді "ағашкалардың" қоңырауларына мән бермеу керек! Заң бәріне ортақ болуы керек немесе мүлде болмауы тиіс. Осындай бірнеше жігітті көпшілік алдында жазасын беріп, екі-үш жылға түрмеге жауып тастаса, өзгелер қорқып жүретін еді», - дейді адвокат.
Ал ІІМ экс-министрі әрі президент күзеті қызметінің бұрынғы басшысы Болат Баекенов болса, даңдайсыған жастарды емес, оларға ойына келгенін істеуге жол беріп отырған ересектерді жазаға тарту керек деп санайды.
«Бар қиындық олардың жазадан құтылып жатқанында. Егер жауапқа тартылатынын түсінсе, олай болмас еді. Алайда жастарға емес, олардың ойына келгенін істеуіне жол беріп, жазалауына кедергі келтіретіндерді жауапқа тарту керек. Бізде баласының қылықтары үшін ата-анасын да жазалау деген ұғымның жоқтығы өкінішті», – дейді ол.
Кей желі қолданушылары полицейлер дөкейлердің баласын жазалаймын деп басы пәлеге қалуынан қорқатынын айтуда. Олар ұсталған сәтте "ағашкаға қоңырау шалу" мүмкіндігін алып тастауды ұсынды.
Астана ІІД-і шу шығарған бұзақы жігітті "Тыныштықты бұзу" бабы бойынша жазалап, 11 345 теңге айыппұл салатындарын алға тартты. Дегенмен басты "кейіпкерге" айналған жігіттің есімі айтылмады.
Видео: Дорожный Патруль
Дереккөз: КТК
Тағы оқыңыздар:
Әйелін сот залында аяусыз пышақтап өлтірген қостанайлық тұрғын мұғалім болып шықты
Алматы облысында айы-күні жақындаған үш балалы әйелдің нәрестесі ішінде шетінеп кетті
ШҚО құтқарушылары тікұшақ құлаған жердің суреттерін жариялады (фото)
Үш бойжеткен Францияның күл-талқанын шығармақшы болды
Алматы облысында 15 жігіт үш азаматты аяусыз ұрып-соқты (фото, видео)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1424575-policeymen-taytalasqan-dokeylerdinh/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.