Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

8 наурыз мерекесі қарсаңында ұстаздар қауымы сыйлықсыз қалуы мүмкін

Опубликовано:

Биылғы 8 наурыз мерекесі қарсаңында ұстаздар қауымы сыйлықсыз қалулары мүмкін. Ел арасында ватсап желісі арқылы мейрам күндері барлық мектептерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдері кезекшілікке тұрады. Келген ата-аналар мен мұғалімдерді бақылайды деген ақпарат тез тарап кеткен еді деп хабарлайды 31 арна.

Осы жазба себеп болды ма, әлде шынымен де талап күшейді ме, барлық мемлекеттік мекемелерге «сыйлық алуға болмайды» деген қатаң ескертулер келе бастапты.

Мереке қарсаңында ата-аналар тарапынан ұстаздарға сыйлық берілмесін деген ескертуге қарсы ата-ананың бірі - Назгүл Дүйсенбаева. 3-сыныпта оқитын қызының мұғаліміне мерекеде сыйлық бермеу, құрмет көрсетпеумен тең деп санайды.

"Апайлар айтып жатыр, ойбай әкелмеңдер, сөйлеп жатыр деп. Бірақ біз оларды тыңдағымыз келіп отырған жоқ. Мен жеке өзім қызымның апайына арнап әйел ретінде, ана ретінде мен гүл сыйлағанды қалаймын", - дейді тұрғын Назгүл Дүйсенбаева.

Ал мұғалімдерге "сыйлық алмасын" деген қатаң талап Ақтөбенің мектептеріне наурыз айы басталғаннан-ақ ескертіле бастапты. Ұстаздардың айтуынша, бұл ескерту тек мұғалімдерге ғана емес, сонымен қатар бір-біріне сыйлық жасауды ұнататын жоғарғы сынып оқушыларыа да айтылыпты. Ал мұғалімдер болса, ұстаздар балаларға берген білімдері үшін тиісті еңбекақыларын алып отыр дейді.

"Әрбір мұғалім балаға тәрбие мен білім бергені үшін өзінің тиісті еңбекақыларын алып отыр. Сондықтан гүл беру, басқалай сыйлықтар беру ол артық, ол заңға да сәйкес келмейді. Оған әрбір ұстаздың адами қасиеті де жол бермейді", - дейді мұғалім Дина Мұханбердиярова.

Ал мемлекеттік мекемелердегі қызмет сапасын бақылайтын басқарма қызметкерлердің "тек мерекеде емес, жалпы кез келген жағдайда сыйлық пен сыйақы алу заңға қайшы әрекет" деп отыр. Мұндай жағдайда мемлекеттік және бюджеттік қызметкер тәртіптік, әкімшілік тіпті қылмыстық жауапкерлішікке дейін тартылады. Тіпті гүл алған қызметкерлер де тарту етілген гүлдің бағасына қарай айыппұл төлейтін болады дейді.

"Ақша түрінде болсын, бұл гүл түрінде болсын, бұл қандай да бір қызмет түрін пайдалану болсын мемлекеттік қызметшілерге сыйлық алуға болмайды. Сыйлық алумен қатар сыйлық беруге де тәртіптік жауапкершілік қарастырылған", - дейді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Мейрамгүл Бейбітова.

Ал мереке қарсаңында мектептерде мұғалімдерге сыйлық сыйлауға тіпті гүл де беруге болмайды деген алып қашпа сөздерге Білім және Ғылым министрлігі өкілдері Астанада жауап берді. Айтуларынша, құрмет тұтатын ұстаздар қауымына гүл сыйлауға ешкімнің қарсылығы жоқ. Болған да емес.

Тағы оқыңыздар:

Өскемендегі мейрамханалардың бірі суға ағып кетті

КХДР Сеул мен Токиоға қауіп төндіріп тұр

Алматы облысында мешітті "миналаған" терроршы ұсталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1430728-8-nauryz-merekesi-qarsanhynda-ustazdar/

pixel